{metadescription}
Қанды қылмыстың жай-жапсарын айтты
Қанды қылмыстың жай-жапсарын айтты

Қанды қылмыстың жай-жапсарын айтты

Ақтөбеде өз анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынған 16 жастағы оқушы қанды қылмысты қалай жасағанын айтып берді. Бойжеткенмен бірге оның 18 жастағы жігіті де сот алдында жауап беруде. Бүгінгі отырыста қос күдікті тергеу кезінде айтқан сөздерінен айнып, бар шындықты жайып салды.

Қанды қылмыс болатын күні бойжеткеннің жігіті асүйдегі суағарды жөндеп беру үшін келген екен. Бірақ 18 жастағы жігіттің олақтығын айтып, араққа тойып алған қыздың анасы пышақ ала жүгіріпті. Осы кезде сүйіктісін қорғамақ болған оқушы қыз анасына бірнеше мәрте пышақ сұғып алған. Бірақ ашу-ызамен өз шешеме қалай қастық қылғанымды сезбей қалдым дейді күдікті. Оның үстіне анам үнемі ұрсып, бұған дейін мені де өлтірмек болған деп ағынан жарылды бойжеткен. Еске сала кетейік, бұл қылмыс биыл сәуір айында болған. Тергеу мәліметі бойынша 16 және 18 жастағы екі күдікті 40 жастағы әйелді өлтіріп, денесін балконға тығып қойған. Мәйіттен жағымсыз иіс шықпау үшін қыз бен жігіт оған сірке суы мен сода құйып жүрген екен. Арада төрт күн өткенде ауыр қылмысқа барғандарын мойындап, жігіттің ағасына бар шындықты айтқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.