{metadescription}
Оқушылардың жаздық каникулы қысқаруы мүмкін
Оқушылардың жаздық каникулы қысқаруы мүмкін

Оқушылардың жаздық каникулы қысқаруы мүмкін

Мектеп оқушыларының жаздық каникулы қысқарып, оқу маусымы ұзаруы мүмкін. Оқу ағарту министрлігі тиісті бұйрықты қоғам талқысына шығарды. Құжатқа сәйкес, оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарға 35 апта болса, екінші және 11-сынып оқушыларына 36 апта болып есептелген.

Оқу жылы ішінде күзде жеті күн, қыс пен көктемде тоғыз күн демалыс қарастырылған. Яғни, сабақ екі апта бұрын немесе екі апта кейін аяқталуы мүмкін. Педагогтардың айтуынша, оқу аптасының ұзаруы оқу жүктемесін азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, жазғы демалыста білім алушылар тоғыз ай алған білімін жоғалтпауына септігін тигізеді. Бұл жаңашылдықты көп ата-ана қолдап отырған жоқ. Балалар миын тынықтырып, жаңа оқу жылына күш алу керек деп есептейді. Ата-аналардың қарсылығы ескеріліп-ескерілмейтіні белгісіз. Ереже әзірге екінші тамызға дейін талқыланбақ. Статистикаға сүйенсек, қазақстандық оқушылар әлем елдері ішінде ең ұзақ демалады екен. Мысалы, Израильде демалыстың ұзақтығы 84 күн, Оңтүстік Кореяда 90 күн, Жапонияда 102 күн. Кей зерттеулер, балалар ұзақ үзілістен кейін игерген материалдың 25 пайызын ұмытатынын көрсеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде