{metadescription}
Аптап ыстық әлі сақталады
Аптап ыстық әлі сақталады

Аптап ыстық әлі сақталады

Елімізде аптап ыстық әлі де сақталады. «Қазгидромет» алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады. Маңғыстау облысында сынап бағамы 50 градусқа дейін жетсе, елдің оңтүстігінде де қапырық ауа-райы әлі біразға жалғасатын түрі бар. Ал Алматыда шіліңгір шілдедегі термометр көрсеткіші 40 градусқа дейін көтеріледі. Аптап ыстық қаладағы ауаның сапасына да кері әсер етіпті. 

Қазір жаздың дәл ортасынан асып, шіліңгір шілдеге де жеттік. Алматының төбесінінен шақырайған күннің температурасы тәулік сайын 38 градустан төмен түсер емес. Тал түсте көшеге шықпау туралы дәрігерлер де үнемі ескертіп жатыр. Алайда суға түспесе де, күнге қыздырынғысы келгендер оған құлақ асып жатқан жоқ. Тіпті, Сайран көлінен ішек таяқшалары табылып, суын ағызып тастаса да жағалауында жүргендер көп.

Владимир Князев, Алматы қаласының тұрғыны:

Суға түспесем де, тым құрығанда күнге қыздырынуға келемін. Бірақ Сайран көлінің суын қайта толтырса керемет болар еді. Өйткені қазір нағыз шомылу маусымы. Жақын маңда тұратын болғандықтан кешкі уақытта судың жағасында жүргеннің өзі керемет. Көзбен көріп, миын тынығады. Күндіз сыртқа шығып, басыңнан күн өтпейтіндей етіп, күнге денеңді қыздыруға болады.

Ал, Арслан Қалиевтың демалуға уақыты жоқ. Өйткені аптап ыстықта шомылатын жер іздегендер мен қоса, суды да көптеп ішетіндер саны артқан. Өзі істейтін мекемеде артезиан суын тапсырыс берушілер саны жазғы уақытта 50 пайызға дейін өседі екен.

Арслан Калиевя:

Біздің компания кеңселер мен үйлерге 19 литрлік артезиан суын жеткізіп берумен айналысады. Мамыр айынан бері сұраныс жоғары. Осы айда тапсырыс берушілер саны 30-40 пайызға дейін артты. Яғни бір күнде 150-ден аса құты тасимыз. Әсіресе кеңселер көп тапсырыс береді. Бағасы 800 теңге. Жеткізу жұмыстарына 4 үлкен көлік жалдағанбыз. Соның өзінде үлгере алмай қаламыз.

Синоптиктер, республиканың басым бөлігінде алдағы үш тәулікте тұрақсыз ауа-райы сақталатынын айтады. Еліміздің шығыс бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркіресе, батыста жел күшейеді. Керісінше оңтүстік пен оңтүстік шығыста ыстық сақталып, Алматы қаласында қолайсыз ауа-райы күтілуде.

Алина Исмагулова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

- Алматыда ауарайының қолайсыз жағдайлары қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы болып табылады. Шамалы жел тұрып, тұман болуы ықтимал. Бұл атмосфералық ауаның резервтік қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қаладағы атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Дәрігерлер осындай аптап ыстықта түскі 12 мен кешкі 5-ке дейінгі уақытта үйден шықпаған абзал деп отыр. Өйткені ересек адамдардың қан қысымы көтеріліп, балалардың басынан күн өтіп, денсаулықтары нашарлауы мүмкін. Дәл осындай аптап ыстық үш күнге дейін жалғаспақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде