Еуропа елдерінде де аптап ыстық
Дәл осындай аптап ыстықтың зардабын көршілеріміз бер бүкіл Еуропа елдері де тартып жатыр. Мәселен, Өзбекстанда ми қайнатар ыстықтан 4 мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылған. Соңғы төрт күнде 23 мыңнан астам адам денсаулықтарына байланысты дәрігер көмегіне жүгініпті. Әсіресе, жұрттың қан қысымы жоғарылап, ентігу, астма ұстамалары мен созылмалы аурулары асқынған. Дәл осылай Португалия мен Испанияда да шақырайған күн астында жүріп қалған мыңнан аса адам қайтыс болған.
Автор: Салтанат Шырынхан
20.07.2022
Осылайша аптап ыстық Ұлыбритания халқын да әбден әбігерге түсіріп жатыр. Ондағы ауа температурасы рекордтық ең жоғары көрсеткішке жетіп, сынап бағаны + 40 градустан төмен түспей тұр.Тіпті Лондондағы Лутон әуежайы жұмысын уақытша тоқтатуға тура келген. Өйткені ыстық ауа температурасынан ұшу-қону жолақтары еріп, қайта жөндеу жұмыстары басталған. Сондай-ақ, пойыз жолдарының да бұзылуына байланысты қозғалыс жартылай тоқтатылыпты. Бұл елде мұндай ыстық соңғы рет 2009 жылы болған екен. Соған байланысты қазір елде қауіптіліктің ең жоғары «қызыл» деңгейі енгізілді. Шіліңгір шілденің машақатын Португалия, Испания, Хорватия мен Франция да ткөруде. Францияның оңтүстігінде ормандар өрті өршіді. Қызыл жалын 14 мың гектар аумақты шарпыған. Тілсіз жаудан тұрғын үйлер, жеке автокөліктер, ауыл шаруашылық техникалары мен ағаш өңдеу зауыттарына зақым келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!