{metadescription}
Ақтөбе облысын дүлей дауыл талқандап кетті
Ақтөбе облысын дүлей дауыл талқандап кетті

Ақтөбе облысын дүлей дауыл талқандап кетті

Ақтөбе облысын дүлей дауыл талқандап кетті. Шалқар ауданында екпінді жел - үйлер мен әлеуметтік маңызы бар ғимараттардың шатырын ұшырған. Табиғаттың тосын мінезінен келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Ал мына таңқалдырудан жалықпайтын Шалқар. Бір қарай қойып едім вокзалды бытшыт қылды ғо...

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 21 метрге дейін жеткен. Шатыры ұшқан ғимараттардың арасында Шалқардағы темір жол вокзалы да бар. Дауылдан бұл нысанның төбе жабындылары шойын жолдарға дейін ұшып кеткен. Сондай-ақ вокзалдың терезелері де бүлініпті. Бұған қоса № 2-ші мектеп, спорттық кешен мен жеке үйлердің де төбе жабындысы қираған. Қазір дауыл шарпыған жерлерді тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған 22 жұмысшы мен 5 арнайы техника жұмылдырылған. Ал құтқарушылар шатырдың ұшуы табиғаттың тосын мінезінен емес, құрылыстың дұрыс салынбауынан деп отыр.

Құмар Тұрмағамбетов, Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығы:

Үш әкімшілік ғимараттың шатыры бүлінді. Соның бірі мектеп. Қазір ол жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ал қалған жерлерде мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жерде құрылыстың сапасына база назар аудару керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде