{metadescription}
Соңғы қоңырау 31-ші мамырда соғылады
Соңғы қоңырау 31-ші мамырда соғылады

Соңғы қоңырау 31-ші мамырда соғылады

Енді оқушылар үшін соңғы қоңырау 31-ші мамырда соғылады. Жазғы каникул да сәйкесінше, бірінші маусымда басталмақ. Қоғам талқысына ұсынған жобасында Оқу ағарту министрлігі бұған дейін демалысты екі аптаға қысқартпақ болған. Бірақ ол ойларынан айнып, енді оқуды тағы бес күнге созамыз деп отыр. Жаңа оқу жылындағы жаңалық Тамыз конференциясында шешілуі тиіс.

Шолпан Каримова, ҚР Оқу ағарту вице-министрі:

- Бұл мәселеген ұзақ талқылап барып келгенімізді айтуымыз керек. Бұл өзгерістерді алдымыздағы оқу жылында енгізу жоспарланып отыр. Бір мектептер шағын жинақталған, бір мектептер бір ауысымда, екінші мектептер екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Сондықтан мұндай жақғдайда пікірлердің де әртүрлі болуы түсінікті. Сондықтан бұл қалыпты жағдай деп ескереміз. Біздің мақсатымыз бұның қаншалықты артықшылығы бар екендігін қоғамға түсіндіріп жеткізу.

Вице-министрдің бұлай айтатын жөні бар. Өйткені оқу аптасын ұзартуға қатысты пікір екі ұдай болып тұр. Ата-аналар қарсы болса, мұғалімдер білім сапасы бұзылмау үшін дұрысы осы деп есептейді. Олар тағы бір апта сабақ беруге қашып отырған жоқ. Жаңа ереже ең бірінші оқушылар игілігі үшін дейді министрліктегілер. Яғни қазір бала мектепте күніне 8 сабақ өтсе, енді оның саны 6-ға дейін қысқарады. Ал мұғалім күрделі тақырыпты бір емес, бірнеше сағат асықпай түсіндіруге мүмкіндік алады. Зерттеу бойынша, оқушылардың түскі 12-ден кейін күрделі сабақтарды қабылдауы қиындап, оқу қабілеті төмендейді екен. Сондықтан балаларды ертерек босатқан жөн. Әсіресе, жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін ең жақсы шешім болмақ дейді мұғалімдер.  

Әлия Райымбекова, мектеп мұғалімі:

- Бала күніне шаршамайды. Апталық жүктемесі азаяды. Апталық жүктеме азайды деген сөз  ол бала аптаның соңында соншалықты шаршап, бар күшін тауысып отырмайды. Сол бес күн апталық шаршаудың мәселесін шешетін болса, неге құптамасқа? Спортпен айналысатын, өнермен айналысатын балалар бар. Мен ойлоамын, оларға өте ұтымды жағдай. Кешкі сағат 7-8-ге дейін өзінің үйірмесіне барғанша, осындай өздерінің уақыттары болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде