{metadescription}
Қарағандыда қараша қантқа таласып жатыр
Қарағандыда қараша қантқа таласып жатыр

Қарағандыда қараша қантқа таласып жатыр

Қарағандыда қантқа таласқандардың ерсі қылығы тағы да таспаға түсіп қалды. Әлеуметтік желіге шыққан бұл жолғы видеода тұрғындар құмшекер үшін қырғынды салып жатыр.

Естерің дұрыс па? Мен пакет ұстап тұрдым. Ол құлады

Қаладағы  супермаркеттердің бірінде пайда болған қант санаулы секундтарда жоқ болды. Қат тауарды көрген тұрғындар қас пен көздің арасында қанталапай жасаған. Сөреде қантпен қатар тұрып, таласта құлап аяққа тапталған ұннан жасалған өнімге елең қылған ешкім жоқ. Дегенмен бұл жолғы тартыс тез аяқталды. Осыдан бір апта бұрынғы жапатармағайды таратуға полицейлер тартылған болатын. Ол кезде тауарды мөлшерден тыс алғандар алды артына қарамай әлек салған еді. Қант жеткілікті деуден таймай отырған Қарағанды әкімдігі осы жолғы таласқа түсінік бере алмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде