{metadescription}
Қарағандыда коммуналдық апат қозғалысты тұралатты
Қарағандыда коммуналдық апат қозғалысты тұралатты

Қарағандыда коммуналдық апат қозғалысты тұралатты

Қарағандыда коммуналдық апат бір көшенің қозғалысын тұралатып тастады. Үш метр тереңдіктегі кәріз құбыры жарылып, салдарынан тас жолдың үсті үлкен орға айналған.

Тас жолдың үсті жарым түнде опырылып түсті. Ел аяғы басылғанда болғасын, шұңқырға ешкім құламапты. Оның үстіне бірлі жарым жүргінші мұны таспаға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеген соң оның маңы дереу қоршалған. Ордың тереңдігі 3 метр, көлемі де осы шамалас. Сөйтсе, 3 метр тереңдікте жатқан кәріз құбыры қашан жарылғаны белгісіз. Ұзақ уақыттан бері су ағып, жолдың астын ойып тастаған. 60 жыл болған бұл құбыр әбден тозған дейді мамандар.

Марина Богдан «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз хатшысы:

- Бүгін таң атысымен оқиға орнында апаттық бригада жұмыс істеп жатыр. Опырылған жерде түні бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Құбырдың жарылған жерін жамап, кешке дейін орды жабу жоспарланған. Одан кейін, үстіне тас жол төсеу жұмыстары ертеңге дейін ақталады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде