{metadescription}
Жаздық бассейн салуға қарсы шықты
Жаздық бассейн салуға қарсы шықты

Жаздық бассейн салуға қарсы шықты

Жаздық бассейн салуға жол бермейміз! Алматыда тұрғындар үйлеріне жапсарлас салынып жатқан бассейннің құрылысына қарсы шықты. Олар іргелеріндегі фитнес орталық тағы бір бассейнмен толықса үйдің іргетасы сөгіліп, үйіндінің астында қаламыз ба деп қауіптенеді. Себебі, үй мен бизнес нысанның арасы бар-жоғы бес метр. Алайда үлкен шұңқыр қазып жатқан кәсіпкер құрылысты жалғастыра береміз деп халықтың наразылығын шыбын шаққан құрлы көрмеді.

- Неге бізге ескертіп айтпадыңдар?

Қалталы азаматтар тұратын «Долча Вита Резиденс» тұрғын үй кешенінің дәл іргесінен жаздық бассейннің құрылысы басталғалы күнде осындай пікірталас. Себебі, суға шомылатын орын мен үйдің арасы бар-жоғы бес метр. Тұрғындар үлкен шұңқырдың қазылуынан үйдің іргетасы сөгіліп, апат болса үйіндінің астында қаламыз ба деп алаңдайды.

Бақтияр Мұсаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Арасы бес метрге де жетпейді. Өрт сөндірушілер өтетін мүмкіндік жоқ. Архитектура мұны дұрыстап қарау керек. Жерді қазғаннан кейін үйдің іргетасы ығысады. Қауіпті аймақ болған соң жер сілкінісі, сел жүрсе іргетасымыз сөгіледі. Бұл жер қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейді деп есептейміз.

Тау бөктеріндегі премиум санатындағы үш қабатты үйлердің жанынан әу баста фитнес орталық та бой көтерген. Оның ішінде спорт үйірмелері мен жабық бассейн бар. Енді кәсіпкер бизнес нысанын кеңейтіп, балаларға арналған ашық бассейн салуға кірісіпті. Қыз-қыз қайнаған құрылыстан шошыған көршілері мұнда қауіпсіздік талаптары мүлдем сақталмаған деп ашулы.

Гүлмира Сұлтанбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Төтенше жағдай туындаса мына үйлерімізге кім жауап береді. Құрылыс компаниясы өткізді. Ақшасын алды. Олар әрине жауап бермейді. Бассейн жауап бермейді. Олар тұрғындардан сұрап, үй түбінен қазып жатырмыз сақтандыру полисін ашайық па деп сұрады ма? Барлығы заңсыз. Бұлар шын мәнінде бізге қауіпқатер келтіреді.

Бұл видеоны тұрғындар екі күн бұрын түсірген. Жерді қазып жатқан жұмысшылар тау болып үйілген топырақты жүк көлігіне тиеп жатқанын көруге болады. Алайда тілшілер келетінін естіді ме, әйтеуір бүгін құрылыс сап тыйылған. Күні кеше ғана астан-кестеңі шығып жатқан жер қоршалып, орнына үстел, орындық пен гүл қойылыпты.

Алтынай Хабитова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Күні кешеге дейін мына жерге трактор симайды. Топырақты қолмен қазып алып шығып жатты. Ал бүгін ештеңке болмағанда топырақты жауып, гүл қойып жатыр. Менің ойымша, бұлардың құжаттары жоқ сияқты. Құжаттары болса ауыз толтырып айтып, көрсетіп, жеткізетін еді.

Наразы топтың айғайынан кейін фитнес орталықтың әкімшісі ішке кіргізіп, бассейннің құрылысын көрсетті. Олар мұнда "АртСпорт" бағдарламасы аясында балаларға арналған тегін үйірме ашылатынын жеткізді. Алайда, сан түрлі сылтау айтып, заңды құжаттарды көрсете алмады.

Бізге рұқсат берілген құжаттарды көрсетіңіздер...

Ал орталықтың атқарушы директоры жаздық бассейн салуға құрылыс басқармасынан рұқсат алмағандарын жасырмайды. 

Руслан Исаев, фитнес орталықтың атқарушы директоры:

- Жаздық бассейнге рұқсат керек емес деп ойлаймын. Егер біз қыркүйекте жұмыстарды аяқтасақ бассейн келесі жылы ғана пайдалануға беріледі. Жаздың үш айында жұмыс істеп, суды қайтадан ағызып жібереміз. Сондықтан уайымдауға негіз жоқ. 

Дегенмен тұрғындар мұнда құрылыс талаптары сақталмағанына сенімді. Сондықтан, сәулет-құрылыс бақылау басқармасына шағым түсіріп, аталған нысанда тексеріс жүргізуді талап етпек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.