{metadescription}
Әлем чемпионатынан алғашқы алтын!
Әлем чемпионатынан алғашқы алтын!

Әлем чемпионатынан алғашқы алтын!

Әлем чемпионатынан алғашқы алтын! Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто әлемдік додада топ жарды. Соңғы бес жылдан бері ел намысын қорғап жүрген спортшы 3000 метрге кедергімен жүгіруде бірінші келіп қана қоймай, рекорд жаңартты.

- Чемпион...

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-та өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан қатысқан кениялық Нора Джеруто алдына жан салмай, 3 мың метрді 8 минут 53 секундта бағындырған. Осылайша ел қоржынына жеңіл атлетика тарихындағы алғашқы алтын салынды. Джеруто Кенияда туып, 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Осы жылы ғана оған ел атынан әлемдік додаларға қатысуға ресми түрде рұқсат берілді. Джерутомен қоса тағы екі кениялық атлет Дэйзи Джэпкимэй мен Каролин Кипкируи де ұлттық құраманың мүшесі. Африка құрлығының үш спортшысын өздерімен еріп келген бапкері Кеннет Ротич жаттықтырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде