{metadescription}
Сәрсенбай Қотырашев Қазақстанды жаяу араламақ
Сәрсенбай Қотырашев Қазақстанды жаяу араламақ

Сәрсенбай Қотырашев Қазақстанды жаяу араламақ

72 жастағы қария төрт жарым мың шақырымды артқа тастап бүгін Петропавл қаласына жетті. Ұлытаулық марафоншы Сәрсенбай Қотырашев осылайша Қазақстанды жаяу аралап шықпақшы. Ақсақал сапар барысында жолшыбай кездескен жандарға ұлан-байтақ жеріміздің тарихын, ұлттық салт-дәстүр жайлы сыр шертпек.

Сәрсенбай ақсақал бұл сапарын сәуір айында бастаған. Оңтүстіктен солтүстікке бет алған қарт марафоншынының жолын қазақстандықтар қалт жібермей бақылап отыр. Қария алғашқы кезде күніне 30-40 шақырымнан жүріп отырған. Қазір күннің ыстығынан жылдамдығын азайтыпты. Ол бұл сапарға 6 жыл бұрын әзірленген. Бірақ, отбасы оның денсаулығына алаңдап тоқтатқан. Бірақ, алдына бірден 3 мақсат қойған Сәрсенбай қария алған бетінен қайтпаған. Енді ұзақ жолда келе жатып, кездескен жанға өзі туған Ұлытау тарихын, оның табиғатын   әңгімелеп келеді. Сондай-ақ, ол әлем деңгейінде көрме ұйымдастыру үшін жол бойы қолөнер шеберлері жайлы мәлімет жинап жүр.Оның тағы бір көздегені жұрт назарын көне мереке Қымыз мейрамына аудару. Қария бұл мереке күнтізбеге енсе деп армандайды екен. Саяхатшының қолында өзі жасаған арбасы бар. Оған жолға қажетті төсегін, ас-ауқат пен қымыз салып алған. Діттеген мақсатына жету үшін шаршамауға тиіспін,-дейді қарт саяхатшы.

Сәрсенбай Қотырашев, саяхатшы:

Ең бастысы, адамның өзінің мақсатына байланысты. Адам мақсатына алса, мақсатына жетеді. Мақсат жоқ жерде жеңіс болмайды. Ең бастысы алға мақсат қою, сол мақсатты талаптанып орындай білу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.