{metadescription}
KASPI ЖҰМА МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
KASPI ЖҰМА МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

KASPI ЖҰМА МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Қазақстанда Kaspi.kz-тің Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтті. Және нәтижесі тағы да күткендегіден асып түсті.

Қазақстандықтар затты ең тиімді сатып алудың жолы - Kaspi Жұма екенін бұрыннан біледі. Тауарлардың саналуан түрі, тегін жеткізу, 24 айға артық төлемсіз, пайызсыз бөліп төлеу. Көптеген адамдар ірі затты Kaspi Жұмада сатып алу үшін арнайы күтеді. Пандемияға байланысты тиімді сатып алу мерекесі екі жылдай өткізілмеді. Бәрінің асыға күткені байқалады.

Азамат Асабаев, Сатып алушы:

- Өте жақсы. Ұнады барлығы. Үлкен бұл плюсі үйде отырып, телефонмен, таңдап қарап, бәрін оқып отырып, салыстырып, арзан магазинді таңдап, қарап алуға болады. Сол Kaspi Жұманы күтіп, бүгін алып жатырмыз.

- Kaspi Жұмаға рахмет. Мен диван, жиҺаз алдым

Марал Маханбет, Сатып алушы:

- Мен студентпін және де осы жылы маған көптеген кітаптар және оқулық пособиялары керек болғандықтан мен Kaspi Жұманы қолдануға шештім. Өйткені мен Kaspi Жұма арқылы 24 айға артық төлемсіз, кітаптарымды алааламын.

Бұл Kaspi Жұма ең ауқымды болды. Оған бүкіл ел аумағындағы 70 мыңнан астам дүкен қатысты. Үш күндік мерекеде қазақстандықтар 1 миллионнан астам түрлі тауар сатып алды!

Қатысушылар: 70 мың дүкен

Сатып алынды: 1 миллионан астам тауар

Kaspi Жұмада көбіне тұрмыстық техника, электроника, үйге арналған тауарлар, киім, аяқ киім мен аксессуарлар сатып алған. Сатып алушылар үшін бұл - қуаныш, жақындарына сыйлық, армандардың орындалып, жоспардың жүзеге асуы. Ал сатушылар үшін – жұмыстың қызып, сауда көлемінің артуы.

Бахара Насирдинова, Mon Amie кеңесшісі:

- Kaspi Жұма біз үшін тамаша басталды. Өйткені тіпті өтіп бара жатқан адамдардың өзі кіріп, ешқайсы құры қол шықпады. Қажетті заттарды көптеп алды, өйткені бұл адамдарға ыңғайлы. Халық өте көп, ұзыннан ұзақ кезек те болды, әсіресе кешке қарай, жұмыстан кейінгі уақытта.

Джамил Халилов, «12 месяцев» құрылыс гипермаркетінің әкімшісі:

- Біз әрине осыншалықты көп сатып алушы болатынын білдік. Алдынала  дайындалып, көбірек тауарға тапсырыс бердік. Біздің үмітіміз ақталды. Көбірек сатып алушыны күткен едік, адам көп болды. Тауар толы арбамен шығып жатыр, бәрі көңілді. Адамдардың көптігінен кезекке тұруға тура келеді, сондықтан біз кофеханамызға шақырып, тегін сусындар ұсынудамыз.

Пандемия кезінде қазақстандықтардың Kaspi.kz-те тегін жеткізу қызметімен бірге тапсырыс беруге үйренгені байқалады.

Баян Саурықова, сатып алушы:

- Kaspi Жұмамен алғанымыз өте жақсы. Біздің ешқандай күшіміз де кеткен жоқ. Уақытымыз да кеткен жоқ. Жеткізіп бергені керемет. Ешқайда жүгірмей, машина жалдамай, өздері әкеліп берді, бәрін орнына міне қойып қойды.

Kaspi Жұмада жаңа және ыңғайлы, тегін жеткізудің тәсілі - Kaspi Postomat сұранысқа ие болды. Енді курьерді үйде немесе жұмыста күтудің керегі жоқ. Kaspi.kz- тегі интернет дүкенде сатып алу кезінде жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа жеткізуді таңдап, өзіңізге ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.

Айнұр Калдаева, сатып алушы:

- Постоматтың өте ыңғайлылығы мен кезкелген уақытты алып кете аламын. Және қандай зат болсын осы Постомат арқылы ыңғайлы екен. Рахмет, Kaspi Жұма.

Көптеген елдерде жеке сатып алу мерекесі бар. Қазақстанда осындай бүкілхалықтық мереке - адамдарға өмірін жеңілдетуге көмектесіп, электронды коммерцияның өсуге мүмкіндік беретін Kaspi Жұма болды. Kaspi Жұма – экономикадағы біздің отандық феномен, оның арқасында онмыңдаған қазақстандық шағын және орта кәсіпорындар айналымын көбейтіп, бизнесін дамытады және жаңа жұмыс орындарын ашады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде