Теңіз кенішінде жұмысшылар жаппай тамақтан уланды
Атырау облысындағы Теңіз кенішінде жұмысшылар жаппай тамақтан уланды. Астан ұшынған 11 науқас дереу Жылыой ауданындағы инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Одан бөлек тағы жиырмадан астам мұнайшы өздерін жайсыз сезініп, дәрігердің көмегіне жүгініпті.
Автор: Жанат Молдашова
21.07.2022
Астан ұшынғандардың бәрінің жаппай жүрегі айнып, құсып, іштері өткен. Тіпті дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Оларға “Тағамдық токсикоинфекция” диагнозы қойылды. Аурухана төсегіне таңылғандар «Isker» мердігерлік компаниясының жұмысшылары. Ал, асханасы “Каз Пром Строй Инжиниринг” серіктестігіне тиесілі екен. Қазір асхана жұмысы уақытша тоқтап, тексеру жүріп жатыр. Тағамдардан алынған сынамалар “Ұлттық сараптама орталығының” зертханасына жіберілді.
Әлия Бекешева, Атырау облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Барлығы да бір жерден тамақ ішкен. Іскер ЖШС-гі жұмысшылары болғандықтан бір коллектив деп саналады. Барлығы бір жерден таңғы асты да, түскі асты да, кешкі асты да бір жерден тұтынады екен. Ол “Каз Пром Строй Инжиниринг” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Барлығын сұрастырғанда жұмысшылардың шағымы бірдей. Аурудың клиникалық белгілері бір. Бір тамақтан уланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!