Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды
Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды. Онлайн режімдегі сот Нұр-Сұлтанда өтеді және оған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мүлдем қатыстырылмайды. Қалалық соттың баспасөз қызметі ақпараттарды жариялаудан бас тартты.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
22.07.2022
Еске салайық, 16-шы мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы «мемлекеттік сатып алу бойынша бюджет қаржысын жымқырды» деген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің күдігіне ілінді. 28-ші мамырда сот санкциясымен экс-шенеунік екі айға қамалған болатын. Кейін әлеуметтік желілерде Арыстанбек Мұхамедиұлының үйіне тінту жүргізілгені жөнінде ақпарат тарады. Бұрынғы Мәдениет министрі президентке бейнеүндеу жариялап, өзінің "сүттен ақ, судан таза" екенін айтып, ақталғаны да есте. Антикор мәліметінше, ұлттық музей басшылығы «Алтын адамның» әлем мұражайларындағы шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген қаржының 146 миллион теңгесін қалтаға басқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!