Коронавирус жұқтырған балалар күрт көбейген
Елімізде ковидпен ауырып жатқан әр үшінші науқас - бала. Республика бойынша инфекция жұқтырғандардың 33 пайызы 18 жасқа толмаған. Ковидтің омикрон штамының таралуы әсіресе балалар арасында өте көп деп бүгін мамандар дабыл қақты. Оған вакцинаның алынбауы, жаңа штамның ерекшелігі сияқты себеп те көп. Сонымен, бетперде тағуы міндеттеліп, шектеулері көп карантин қайта орала ма?
Автор: Әзиза Төленби
22.07.2022
Қазір бір ғана Нұр-Сұлтан қаласының станционарлық емханасында 52 бала, модульді орталықта 14 бала ем алып жатыр. Олардың бәрі ковид жұқтырған. Сорақысы, көпшілігі әлі бес жасқа жетпеген бүлдіршіндер. Дәрігерлер аты жаман ауру егілу жасына жетпеген балалар арасында өршіп кеткенін айтып дабыл қағып отыр. Жұғу, ауыру белгілері де жаңарып келеді.
Роза Өтегенова, №3 көпбейінді балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы:
- Балалардың көпшілігі бүгінгі таңда түсіп жатыр тыныс жолдарының жедел респораторлы науқасының клиникаларымен. Сонымен қатар бүгінгі таңда ковид инфекциясында респероторлы белгілер ғана емес, балалардың арасында құсу, іш өту, аракідік нерв жүйесінің зақымдалуымен өтіп жатқандар бар. Әрине ол нерв жүйесі болғаннан кейін ауыр жағдайда өтеді. Жатырған балалар міне 68 бала Нұр-Сұлтан қаласы бойынша.
Балалардан кейін инфекция жасөспірімдер арасында өте көп. Бір қуантарлығы, көбінде жеңіл, тез арада өтіп жатыр. Бірақ ковид жұқтырып жатқандардың 72 пайызы екпе алмағандар. Сондықтан мамандар ревакцинациядан немесе қайта толық иммундаудан өтуді ұсынып отыр. Өйтпеген жағдайда, аймақтар қызылға өтіп, қатаң карантин енгізілуі мүмкін.
Роза Қожапова, ҚР ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы:
- Қатаң карантиндік шаралар өңірлердің қызыл аймаққа ауысуына байланысты болады. Қазір республикасы бойынша тек ғана бір қала, Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймақта тұр. Өңір "сары" аймақта тұрғанда қатаң карантиндік шаралар енгізіліп, бизнеске кері әсер етпейді. Егер "қызыл" аймаққа ауысса «Asyq» жүйесі енгізіліп, шектеулер қайта келуі мүмкін. Оның бәрі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен шешіліп жатыр. Ведомство аралық комиссияның отырысында нақты шешілетін болады.
Қазір елімізде отандық QazVac, қытайлық Sinofarm және екінші компонент үшін Pfizer қолжетімді. Ал Спутник екпесін қайта өндіру немесе қайта сатып алу қарастырылып жатқан жоқ. Жылдың аяғына дейін америкалық Pfizerдің 300 мың дозасы келуі мүмкін.
Статистика бойынша қазір елімізде күніне 20-25 мың адам қайтадан екпе алады екен. Бірақ күніне 2400 тұрғыннан короновирустың оң нәтижесі анықталып жатыр. Дәрігерлер бұл індеттен тек екпе алып қана құтыламыз дейді. Санитарлық талап та баяғыдай. Көп кісілі жерге бармау, барсаң бетперде тастамау керек. Әзірге жиын, тойға шектеу жоқ. Ал оқушылардың оқу форматының қандай болатыны, жаңа оқу жылы жақындағанда белгілі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!