Оқу-ағарту министрі қашықтан оқытуға түбегейлі қарсы
Қашықтан оқытуға Оқу-ағарту министрі түбегейлі қарсы. Бірақ елдегі эпидемиологиялық жағдай өршісе, Аймағамбетов мектептердің бәрібір де жабылатынына шүбә келтірмейді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
22.07.2022
Оқу-ағарту министрінің онлайн оқытуға қатысты пікірін Қазақстандағы ақпараттық порталдардың бірі жариялады. Еліміздің бас ұстазы сұхбатында былтырғы жылдың ауру көрсеткішін сөз еткен. Оның ойынша, мектепте оқыған балалар қашықтан оқитындарға қарағанда әлдеқайда аз ауырыпты. Тіпті, науқастар саны көбейгеніне қарамастан, оқу орындарында індет соншалықты тарай қоймаған. Аймағамбетов мұны мектеп басшыларының санитарлық нормаларды дұрыс сақтағанымен байланыстырады. Егер эпидахуал нашарласа, мектептер ең соңынан жабылып, бірінші болып ашылуы керек дейді министр.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Қашықтан оқыту болмайды деп үміттенемін. Мен ковидтік шектеулерге байланысты қашықтан оқытуға үзілдікесілді қарсымын және бұл дәстүрлі оқытумен салыстыруға келмейді деп ойлаймын. Бұл жерде мәселе тек білімде емес, бұл жерде әлеуметтену мен әл-ауқат мәселесі. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауы керекү Өйткені олар мұғалім сыныпқа келіп, жаңа тақырыпты түсіндіріп бергенде ғана білім алмайды. Олар үзілісте немесе асханада бір-бірімен араласқанда көп нәрсені үйреніп, білім алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!