Абай облысында мал қырылып жатыр
Абай облысында мал қырылып жатыр. Абыралы ауылдық округінде арам қатқан ірі қараның саны күн өткен сайын артып келеді. Әуелі сиырлардың қызуы көтеріліп, аузы-мұрнынан су ағып, ақыр аяғында әбден азып өледі дейді тұрғындар. Тана-торпақтың мұндай белгілермен қырылып жатқанына біршама уақыт өтсе де мал дәрігерлерінен қайыр жоқ деп наразы. Ал, олардың сынама алып қойған диагнозіне де жұрт сенбей отыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
22.07.2022
Мал дәрігерлерінің санама алып қойған диагнозы пастереллез. Алайда, төрт түлікпен күн көрген тұрғындар мұнымен келіспейді. Өйткені, жұрт оған қарсы екпе жасалғанымен дерт тоқтайтын емес. Бір ғана қожалықтың өзінен тана-торпағын қосқанда 25 бас арам қатқан. Оның үстіне, қызуы көтеріліп, аузы-мұрнынан су аққан сиырлар қожайындарына шабуыл жасауда.
Рымбек Ағыбаев, Абыралы ауылының тұрғыны:
- Пастереллез болуы мүмкін емес. Өйткені, сол сиырлар өзімізге шауып жатыр. Соның кесірінен сиыр сүзіп қолым сынды. Сатресения бар. Далада айдап келе жатқанда өзімді сүзді. Сегіз күні ауруханада жатып алдың күні шықтық.
Тұрғындар ірі қараны сұлатқан дертпен өздері күресуге мәжбүр. Қымбат дәрі алып, екпеніде өз күштерімен жасаған. Ал, мал дәрігерлері карантин жарияламақ түгілі қарасын да көрсетпейді дейді. Олар құзырлы орындарға арыз-шағым түсіргенен кейін ғана, малдың өлексесін жинауға бір-ақ келген көрінеді.
Еркебұлан Шәріпханов, Абыралы ауылының тұрғыны:
- Біздің жылқы деген малдарымыз мал дәрігерін танымайды. Бұл жігіттерге айтамыз, айналайын жыл 12 ай қолдарың бос жүресіңдер ғой, дәл қазір қысылтаяң шақта келіп бақылауға алып, анализ өткізейік деп. Ақшасында төлейміз. Қажет болса тірі малды анасы мен төлін Семейге де жеткізіп берем. Хабарласқан мал дәрігерін көрмедік.
Ауылдық билік, мал шығыны болып жатқанын мойындап отыр. Олар төрт түліктің нақты неден арам қатып жатқанын анықтап беру үшін тиісті орындарға хат жолдадық деп қол қусырып отыр.
Ұлан Мұқажанов, Абыралы ауылдық округінің әкімі:
- Қалалық бөлімшеге хат жаздық. Малдарды тексеріп диагнозын анықтап беруге қатысты. Енді алдағы күндері жұмыс жасалады. «Санжар» қожалығындағы малдардың өлімін анықтау керек.
Дегенмен арам қатып жатсада, әрең қозғалды деген жергілікті мал дәрігерлерінің дереу жұмыс бастайтынына жұрт сенбейді. Сондықтан дертті нақты анықтауды жоғарғы билік өз қадағалауына алуын сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!