Полицей қып-қызыл төбелестің ортасында не істеп жүр?
Қарағандыда құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен болған төбелес желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл кикілжіңге Қарағанды қаласының Криминалдық полиция бастығының орынбасары да қатысқан. Алайда шенді қызметкер төбелесті тоқтатуға келгем деп ақталуда.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
22.07.2022
- Жетіп келіп ұрып жатыр...
Бейнежазба басында бір жігіт екіншісіне төніп кеп сөз таластырып жатқаны көрінеді. Сол мезетте оның ту сыртында ақ киімде Қарағанды криминалдық полиция бастығының орынбасары Ермек Тобылбаев тұрған. Қарсы тараптағылардың арасынан Қарағанды облысы прокуратурасының бұрынғы қызметкері Алексей Бондаревті де танығандар бар. Өңірдің полиция департаменті мәліметінше қақтығыс кезінде лауазымды қызметкердің болғаны рас. Өйткені бұлар алаяқтық бабы бойныша қозғалған істің қатысушылары екен. Мүлікті даулап тұрған жерге оны солардың бірі шақырыпты. Бірақ, шатақ шыға салысымен әлгілер ұсталып, қылмыстық іс те қозғалған екен.
Бақытжан Құдияров Қарағанды олыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Ол кісі бірден оқиға орнына патрульдік полициясының кезекші нарядты шақырған. Оқиға орнына келгенде тараптан сөз жүзінде ғана сөйлесіп тұрған. Оқиғаның қатысушысының бірі қарсыластарына қол жұмсаған сәтте, бірден полиця қызметкерлері оларды арашалап барық оқиғаның қатысушыларын полиция бөліміне жеткізген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!