Қарашаны қантпен қарық қылам деп алдаған
Өскеменде жүзден астам адамды тақырға отырғызған 29 жастағы азаматша ұсталды. Ол, қарашаны қантпен қарық қылам деп алдап, ақшаларын қалтаға басқан.
Автор: Ұлан Нұрахмет
22.07.2022
Күдікті қант таппай сенделген жұрттың сеніміне кіріп, өз пайдасын ойлапты. Ол үшін әлеуметтік желіге шекер сататынын айтып жарнама берген. Ал, оны сатып алмақ болғандарға алдын-ала төлем жасауды сұраған. Осылайша, аз уақыттың ішінде тұрғындардың 90 миллион теңгесін қалтаға басыпты. Бірақ қат тауарға айналған қант сол күйі болмаған. Сондықтан алданып қалғандарын түсінгендер бірден полицияға арыз жазған. Нәтижесінде алаяқ азаматша ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.
Татьяна Карпова, ШҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қызға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!