{metadescription}
Қауіпсіздік талаптары сақталмаған
Қауіпсіздік талаптары сақталмаған

Қауіпсіздік талаптары сақталмаған

Қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Алматыда элиталы тұрғын үй кешеніндегі лифте болған төтенше жағдайдың себеп-салдары анықталды. Жеделсатының 25-ші қабатқа қарай жүйтки жөнелгеніне істен шыққан тежегіш себеп. Енді осы үшін сервистік компанияға айыппұл ғана салынуы мүмкін.

Ержан Игібаев, Қазақстан лифтшілерінің ұлттық қауымдастығының президенті:

- Аталған сервистік компанияда өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен берілетін аттестат пен лифттерге арналған ұлттық стандартқа сай екенін растайтын сертификаты жоқ. Компания мен қызмет көрсетіп келген Пәтер иелері кооперативі өнеркәсіптік қауіпсіздікті бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады деп ойлаймын.

Еске салсақ, оқыс жағдай маусым айының соңында болған. Отбасымен 20 жастағы азамат бірінші қабатқа түседі. Артынша аяқ астынан лифттің есігі жабылмастан жоғары қарай жүйтки жөнеліпті. Іште қалған ол үйдің төбесіне соғылып бір-ақ тоқтаған. Соққыдан алған жарақаты көп. Арнайы комиссия себеп-салдарын анықтау үшін, техникалық тексеріс жүргізді. Содан бері оған жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқыс оқиға болған элиталық тұрғын үй кешенінде бұл алғашқы жағдай емес дейді тұрғындар. Жеделсатының мінсіз жұмыс істегенін көрмедік деген олар, қорқынышты дыбыстар шығып, кенет тоқтап қала беретініне шағымданды.

Наталья Абашидзе, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен лифттің қауіпсіз, сапалы жасалғанына сенімді болып, еш қорықпастан мініп түскім келеді. Өзім 25-ші қабатта тұрамын. Тіпті көшеде автобусты дәл бұлай күтпейтін шығармыз. Соншалық баяу қозғалатынынан қанымыз қараяды. Одан қала берді бұзылады да тұрады. Әсіресе балаларымыздың жеке өзін жіберуге қорқамыз. Қаланың қақ ортасынан әсіресе осы кішкентайларымызға қауіпсіз болу үшін үй аламыз емес пе?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде