{metadescription}
Павлодардағы ЖЭО болған өрттің себебі анықталуда
Павлодардағы ЖЭО болған өрттің себебі анықталуда

Павлодардағы ЖЭО болған өрттің себебі анықталуда

Павлодардағы жылу электр орталығында болған өрттің себеп-салдары анықталуда. Болжам бойынша тілсіз жаудың тұтануына электр желілерінің тұйықталуы себеп.

Қаладағы жылу орталығы өртеніп жатыр деген ақпарат кеше тарған. Будақтаған қара түтін шаһардың әр бұрышынан анық көрінген еді. Сөйтсе жылу орталығындағы трансформатор өртеніп, жалын жапсарлас тұрған өзге нысандарды да шарпыған. Жанып жатқан қуатты кабелдердегі өртті өшіру үшін төтеншеліктер мың литр арнайы көбік пайдаланыпты. Қызыл жалынмен төрт сағат бойы алысқан. Апат салдарынан жылу электр орталығы бір турбинаны өшіруге мәжбүр болды. Бірақ бұл қаланың жарығы мен жылуына әсер етпеді дейді мамандар.

Тілекжан Ғалиямов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығының орынбасары:

Оқиға орнында өрт салдарын сынамадан өткізетін зертхана қызметкерлері жұмыс істейді. Өрттің тұтануына трансформатордың тұйықталуы немесе қосалқы станцияның қызуы себеп болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде