{metadescription}
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді. Өйткені елде инфляция деңгейі белгілеген дәлізден асып, азық-түліктің бағасы күн санап қымбаттап барады. Жыл басындағы болжамдарының да орындалмай қалуы мүмкін екен бас банктегілер мойындап отыр. 

Биыл жылдық инфляция 13-15 пайыз аралығында болады деп айтылған. Бірақ өсім қазірден көңіл көншітпейді. Тіпті, мұндай инфляция келесі жылдың бірінші тоқсанына дейін жалғасуы мүмкін. Саудадағы әріптес мемлекеттерде инфляция қазір шарықтау шегіне жетпеген. Теңге де құнын жоғалтып барады. Елдегі азық-түліктің бағасы аспандап тұр. Экономикадағы ішкі сұранысқа келсек, әлеуметтік маңызы бар өнімдер 19,2 пайызға, өзге тауарлар 13,2 пайызға, ақылы қызметтер 9,2 пайызға көтерілген. Осындай жағымсыз факторлардан кейін бас банк базалық мөлшерлемені көтеруіне тура келген. Демек бұдан былай екінші деңгейлі банктердің беретін несие пайызы да жоғарылайды деген сөз. Ал теңгедегі депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі 15 пайызға дейін артуы мүмкін.

Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

- Ұлттық банктің бағалауына сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляция бұрынғы болжамнан асып түседі. Жаңа күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда инфляцияның жылдық өсуі 2023 жылдың бірінші тоқсанына дейін жалғасып, одан әрі баяулайды. Нақты инфляция инфляциялық күтулердің жеделдеуі аясында болжамды көрсеткіштен едәуір асып түсті. Тұтынушылық бағалардың жалпы деңгейі өсіп келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде