{metadescription}
Төрткөл ауылының тұрғындары интернетке жарымай отыр
Төрткөл ауылының тұрғындары интернетке жарымай отыр

Төрткөл ауылының тұрғындары интернетке жарымай отыр

Қарағанды облысындағы Төрткөл ауылының тұрғындары интернетке жарымай отыр. Олар хат алмасып, хабар-ошар білу үшін көрші ауылдағы қырқаның үстіне шығуға мәжбүр.

Әкім мырзалар, министр мырзалар, жаңа Қазақстан! Міне жаңа Қазақтанда таудың басында отыр ауылдың жастары. Бұқар жырау, Қарағанды облысының әкімдері, құлақтарыңа алтын сырға.

Елді мекеннен атшаптырым жердегі шоқтығы биік жер жергілікті жастардың интернет кафесіне айналған. Бірақ бұл араға тек мотоцикілдері барлары ғана қиналмай жететін тәрізді. Желіге кіргенде жамбасқа ыңғайлы болуы үшін ескі дивандарды да арқалап әкеліпті. Ал жергілікті биліктегілер аудан орталығынан шалғайда жатқан ауылға сымды интернет тартуға қауқар жетпегенін жасырмайды. Бұқар жырау аудынында ғаламторға қолы жете алмай отырған ауылдар әлі де көп. Мәселені шешу үшін жиналыстарды жиі өткізіп жүрміз дейді жауаптылар.

Әли Ысқақов, Бұқар жырау аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

Жұрттың наразылығы ескеріледі. Осы бағытта жұмыстар жүріп, жоспар жасалып жатыр. Жақында цифрлық даму министрлігімен өткен жиналыста вице министр Қазақтелекомға ауылдарға интернет желісін тарту тапсырмасын берді. Төрткөлге желі тарту құны шамамен 50 миллион теңгені құрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде