Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық күтілуде
Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық күтілуде. Әсіресе, 45 градусқа дейінгі жоғары ауа температурасы үш күн бойы оңтүстіктегі ағайынды әбігерге салғалы тұр. Ал еліміздің солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
25.07.2022
Алина Ісмағұлова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
- 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық сақталады: +40 +45°С-қа дейін ауа температурасы көтерілмек.
«Қазгидромет» халыққа аса сақ болуды ескертіп, дабыл қағуда. Алайда, оңтүстіктегі тұрғындардың аптап ыстыққа еттері үйренгендей. Олар тіпті, түрлі эксперименттер жасай бастады. Мәселен, түркістандықтар қайнаған күнде тасжолдың үстінде жұмыртқа қуырып көрді. Желіде тараған видеода ер азаматтар тас жол үстіне табаны қыздырып, кейін сары май салады. Май ыстықтан еріп кетеді. Кейін олар жұмыртқаны салып қуырғандарын көрсеткен. Енді мұндай аптап ыстықтың машақатын оңтүстік жұртымен бірге батыстағылар да көрмек. Синоптиктер бейсенбіге дейін сынап бағанасы плюс 40 градусқа дейін жетеді дейді. Ал орталықта ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтерілсе, ең жанға жайлы ауа райы Қазақстанның солтүстігінде болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!