Отбасындағы кикілжің соңы қанды қылмыспен аяқталды
Отбасындағы кикілжің соңы қанды қылмыспен аяқталды. Атырауда 26 жастағы жігіт әйелін буындырып өлтіріп, кейін өзіне қол салған. Қанды оқиғаға қатысты полицияның алдын ала болжамы осындай. 4 баласы бар жас отбасы жалдамалы пәтерге бір ай бұрын ғана көшіп келген екен.
Автор: Жанат Молдашова
26.07.2022
- Бір ай бұрын көшіп келді. Ешқандай айқай шу болмады.
Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды. Полицияға марқұм келіншектің анасы хабарласып, қызы мен күйеу баласы пәтердің есігін ашпай жатқанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары сыртқы есікті бұзып кіргенде жуынатын бөлмеден ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылған. Көршілердің сөзінше, бұл отбасы осы үйге бір ай бұрын ғана көшіп келіпті. Сондықтан ерсі қылық, айқай-шу естімеген. Ал құзырлы органдар басқа мәлімет айтты. Ерлі-зайыптылар біраздан бері араздасып жүрген. Сөйтіп, 26 жастағы азамат әйелін буындырып өлтіріп, кейін өзі жуынатын бөлмедегі құбырға асылып қалыпты. Марқұмдардың төрт баласы жетім қалды. Қазір қайғылы оқиғаға қатысты өзін өзі өлтіру және адам өлтіру баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:
- 25 шілдеде орын алған фактіге қатысты қазіргі таңда ҚК 105 бабы және 99 бабтары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала анықталған ақпарат бойынша, ерлі-зайыптылар ажырасу процесінде болған. Орталарында төрт бала қалды. Өзге ақпарат қазір тергеу амалдарына сәйкес процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!