{metadescription}
Елордада төрт адам қызыл жалын құрсауында қалып қойды
Елордада төрт адам қызыл жалын құрсауында қалып қойды

Елордада төрт адам қызыл жалын құрсауында қалып қойды

Елордада алапат өрт болып, төрт ер адам жалын құрсауында қалып қойды. Үшеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Өйткені, денелерінің сексен пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер тек күтуге мәжбүр. 

Жеңісбек Бапанов, №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

- Біріншіден қазір алдын-ала емдеу жоспарын айтпай тұрып, олардың өмірін аман сақтап қалу керек болып тұр. Қазір бар күшімізді қан құрамын бұзып алмау, қысымды тұрақты сақтауға жұмсап отырмыз. Организмді шок жағдайынан шығару керек. Келгенде барлығының есі болды. Бірақ 85 пайызға дейін күйік шалу оңайға соқпайтын болғасын, жасанды ұйқыға жіберілді.

Өндірістік аумақтағы өрт кеше түнде шыққан. Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметкерлері газдың қатты қысымымен арпалысып жүріп, жалынды екі сағатта ауыздықтаған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Өйткені өртенген аумақта бірнеше цех, қойма және газ станциясы бар. Аумақты жалға алған жиһаз құрастырушылардың айтуынша, қызметкерлер күні бойына газдың иісін сезіп жүріпті. Ол әдеттегіден қатты шығып, жұмысшылардың басы ауырып, лоқсып, қысымдары көтерілген. Алайда, кімге шағымданарын білмей, тек жұмыс күні аяқталғанда, күзетшіге ескертіп кетіпті. Қазір аумақты жалдаған кәсіпкерлер шығынын есептеп жатыр. 

Мөлдір, кәсіп иесі:

- Сағат бестен кейін біздің жұмысшылар, басымыз ауырып жатыр, құсқымыз келіп жатыр, газдың иісі жаман болып жатыр деп айтқан. Бірақ бұл жердің бастықтары тек обедке дейін отырады. Біз охранаға айтқанбыз. Осындай мәселелер болып жатыр деп. Ол кісілер айтқан біз кранды жаба алмай жатырмыз, бірақ бұл мәселені жоямыз деген. Содан кейін біздің жұмысшылар сағат жетіде үйіне кетті. Содан сағат 10-да бізге хабарлама келді пожар болып жатыр деп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде