Министр: «Ет бағасының өсуіне саудагерлер кінәлі»
Ет бағасының өсуіне саудагерлер кінәлі. Шаруалар алты ай қыс, алты ай жаз өсірген малын арзанға сатуға мәжбүр. Алайда базарға келгенде сол еттің бағасы бірнеше есе шарықтап кетеді. Сауда министрі еттің қымбат болуының себебін осылай түсіндірді.
Автор: Әзиза Төленби
26.07.2022
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, елде етті сатып алу бағасы төмен. Тек сауда желілері өз ойына келген бағаны қояды. Мысалы, фермерлер етті орташа есеппен 900 теңгеден сатады. Ары қарай ол делдалдар арқылы сөреге жеткенше дам шошырлық бағаға өсіп кетеді. Тапшылықты қолдан жасамау үшін ведомстволар базар иелерін жауапкершілікке тарту туралы заңнамалық өзгерістер дайындап жатыр екен. Ереже шағын сауда және үйдің жанындағы шағын дүкендерге де ортақ. Олар алдағы уақытта үстеме бағаны 15 пайыздан асырмауы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!