{metadescription}
Алматы тауларында тұтанған өрт толықтай өшірілмеді
Алматы тауларында тұтанған өрт толықтай өшірілмеді

Алматы тауларында тұтанған өрт толықтай өшірілмеді

Алматы тауларында тұтанған өрт әлі толықтай өшірілмей жатыр. Өйткені, бұл аумақта қураған шөп көп. Дегенмен, өрттің негізгі ошағын өшірген төтеншеліктер жағдай бақылауда дейді. 

Таулы жер болған соң, әрі тас қараңғыда өрт сөндіру техникалары дереу жете алмаған. Мамандар тек оттың ошағына 3 жарым шақырым жаяу көтеріліп жетіпті. Ал, таң атысымен әрқайсысы 3 тоннадан су шашатын 2 тікұшақ та қызыл жалынды ауыздықтауға кіріскен. Жалпы жүзден астам адам мен 14 техника жұмылдырылған. Араға бір түнді салып, өрттің негізгі бөліктері бүгін түске таяу сөндірілді. Мамандар оқиға орнында әлі де жұмыс істеуде. Өйткені, қураған шөптің кесірінен жалын ауық-ауық тұтанып кетіп жатыр.

Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы:

Құрғақ шөптер әлі тұтана береді. Сосын өте ерекше қорғалатын аймақ боғаннан кейін ол жерде соңына дейін өрт сөндірушілер тұратын болады. Көлеміне байланысты және әр жақтағы 5 ошақ болғаннан кейін әлі тергеу қызметкерлері барлық су төгу жұмыстары біткеннен кейін өзінің жұмысын бастайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде