{metadescription}
Кранның құлауына бөлшектерінің дұрыс бекітілмеуі себеп
Кранның құлауына бөлшектерінің дұрыс бекітілмеуі себеп

Кранның құлауына бөлшектерінің дұрыс бекітілмеуі себеп

Кранның құлауына бөлшектерінің дұрыс бекітілмеуі себеп. Алматыдағы оқыс оқиғаны Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер техникалық талаптардың сақталмауымен байланыстырып отыр. Осы жауапсыздық кесірінен кеше құрылыс алаңында бір жұмысша жан тапсырған болатын.

Қайғылы оқиға Жетісу ықшамауданында болды. Кешкі алтылар шамасында құрылыс краны екі жұмысшының үстіне құлап, сол маңдағы жұрттың да үрейін ұшырған. 32 жастағы слесарь оқиға орнында қаза тапса, тағы бір жұмысшы жараланды. Бұл екі жігіт құрылыс басында кранды бұзып жатқан. Ал мұндағы құрылыс жұмыстары 2007 жылдан бері тоқтап тұр. Айта кетейік, осындай жазатайым оқиға шаһарда жыл басында да қайталанған. Сол уақытта да краншы ауыр жарақат алып, жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмған. Жалпы қалада бас-аяғы 120-ға жуық құрылыс краны бар екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде