{metadescription}
Қызыл жалын тұтас тұрғын үй кешеніне тарала жаздады
Қызыл жалын тұтас тұрғын үй кешеніне тарала жаздады

Қызыл жалын тұтас тұрғын үй кешеніне тарала жаздады

Алматының қымбат аудандарының бірінде дәмхана отқа оранып, қызыл жалын тұтас тұрғын үй кешеніне тарала жаздады. Құтқарушылар тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтап, қауіптің бетін қайтарған.

Қарагөз Аманбаева, дәмхананың есепшісі:

- Таңертең жұмыс істеп жатқан кезде төбемізден тарсылдады. Трактор жүріп жатқан сияқты. Сосын өрт шығып, былай кетті. Біз түсінбей қалдық. Қыздар киімдерін алып жүгіріп жатты. Өрт кәдімгідей айналып кетті. Адамдар көмектесіп жатты. Бәрібір от үлкейіп кетті.

От сағат ондар шамасында «Керемет» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатындағы дәмханадан тұтанған. Сол сәтте Алматы аспанын қою қара түтін басты. Тұрғындар терезелерін қымтап әуреге түсті. Себебі, жалын әп сәтте күш алып, жүздеген пәтерді шарпи жаздаған. Тек оқиға орнына жеткен 15-тен астам адам мен 11 арнайы техника оған жол бермеді. Дегенмен көпқабатты үйдің сырты бүлінді. Ал тамақтанатын орынның ішіндегі қызметкерлер дер кезінде сыртқа шығып үлгеріпті. Өртке дәмхана мұржасының уақытылы тазаланбауы себеп. Сондықтан өрт қауіпсіздігін сақтамаған кәсіпкер айыппұл арқалауы мүмкін.

Еркебұлан Қасенов, Бостандық аудандық ТЖБ бастығы:

- Біздің жеке құрам ол жерге жеті минут ішінде жетті. Барған кезде өрт анықталды. Қаланың ішінде болғандықтан түтін үлкен болды. Электр сымдарының тұйықталуы болған жоқ ол жерде. Ол жерде түтін шығатын мұржаның уақытында тазаланбағанынан жанды. Анықтау бөлімі мен арнайы зертхана бар бізде соны анықтайтын. Нақтыланса айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде