Жолаушылар мінген автобус отқа оранды
Елордада жолаушылар мінген автобус тапа-тал түсте өртеніп кетті. Көліктің қозғалтқышы істен шыққан. Түтін будақтағанда жүргізуші жол ортасында тоқтап, ішіндегі адамдарды шығарып үлгерген. Соның арқасында жолаушылар дін аман. Түтін ұлғайып, соңында қоғамдық көліктің қаңқасы ғана қалды.
Автор: Әзиза Төленби
27.07.2022
Оқиға бүгін түс кезінде сол жағалауда болды. Таңғы алтыда жұмысын бастаған автобуста ешқандай ақау болмаған. Керей-Жәнібек хандар көшесінде келе жатқан кенет көліктің қозғалтқышы түтіндеп, жүрісі тоқтаған. Ішіндегі 20 шақты адамды жүргізуші шығарып үлгеріпті. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жарылысқа жеткізбеген. Бірақ автобустың жартысынан көбі өртеніп кеткен. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Айта кетейік, аталған маршруттық көлік бүгін таңертең рейс алдындағы техникалық байқаудан өткен. Соңғы техникалық байқау 16 маусымда өткізіліпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!