Қалауын тапсаң құдықтағы су да жанады
Қалауын тапсаң құдықтағы су да жанады. Петропавл тұрғындары бау бақшасын суаратын судың кәдімгідей лаулап жанатынын көріп жағасын ұстауда. Жер астынан шығатын тіршілік нәрінің соңғы кезеде түсі сарғайып, біртүрлі иіс шығатын болыпты. Не істерін білмеген саяжай тұрғындары жанармайша жанатын суды тез арада тексеруді талап етуде. Өйткені олар жемістерін суара алмай жүр. Сондықтан саяжайға тілшілермен бірге, отты судың құрамын тексеруге арнайы мамандар да барды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
27.07.2022
Петропавлдағы ең ірі саяжай қоғамы осы -«Ромашка».Суы жақсы беріліп тұрғандықтан жер учаскелері де мұнда әлдеқайда қымбат. Саяжай иелері 10 метр тереңдікте құдық қазса болды, тап таза ауыз су шығатынын айтып мақтанады. Әрі тегін, әрі таза. Ал судың дәл бүгінгідей жағдайға келуі бірінші рет. Құдыққа жанармай құйып қойған сияқты,-дейді олар.
- Открываем скважину, берем кружку, опускаем, поднимаем, воот, это как с маслом как будто, вот смотрите, вот пожалуйста, все я тушу...
Бақша өсірушілер құдықтағы судың аяқ астынан жағымсыз иісі бар майлы сұйықтыққа айналғанын айтады. Су айдайтын құрылғыны да құдықтан алып үлгермепті. Енді бақшаны суарудың орнына мүліктері бүлінген.
Татьяна Черноморец, Петропавл қаласының тұрғыны:
- Бізде енді маңайдағының бәрі бүлінді. Су толтырып қойған моншамыз да. Бәрі майлы, өртке қауіпті. Шлангілер де, насос та. Су алған шелек те.Оның бәрін қойшы. Жан –жағымыз қауіпті. Сәл ұшқын болса,өртеніп кетуіміз мүмкін. Бұл не деген сұмдық!
Саяжайдағы су неге өртке қауіпті. Тұрғындар шағымынан кейін экологтар белгісіз сұйықтықты зерттей бастады. Сынама алуға келген мамандардың өздері сарғыш түске боялған тіршілік нәрін көріп таң қалды. Тіпті алғашқы күдігін де жасырған жоқ.
Дамир Жұмабаев, СҚО Экология департаментінің бөлім басшысы:
- Судың иісінен ақ, оның құрамында мұнай өнімі бар екенін айта аламын. Жанармайдың иісі шығып тұр.Міне, біз сынама алдық, енді оның құрамын тексеретін боламыз. Содан кейін ғана суға басқа сұйықтық қайдан қосылғаны анықталатын болады.
Экологтар сараптама қорытындысын 3 күннен кейін хабарламақ.Саяжайшылар болса, өздері тексеріп, тіпті бұның себебін де тауып қойған. Бәріне кінәлі жақын жерде орналасқан жанар май құю бекеті деп ойлайды. Мұнай өнімі сол жақта төгіліп, топыраққа сіңген. Енді суға қосылып жатыр деген болжам бар. Алайда жанармай бекетінің өкілдері бұл пікірмен келіспейді.
Кәміл Наргузин, Жанар май құю станциясының инженері:
- Біздің білуімізше, жанармай құйылған бөшкелерден сыртқа бензин төгілген жоқ. Резервуарлардың жүйесін біз үнемі тексеріп отырамыз.Оны тексеретін арнайы құрылғы да бар. Күн сайын сатылған жағармай есептеліп,бөшкеде қалған өнім мөлшерін санап қоямыз. Егер экологтар тексереміз десе, біз қарсы емеспіз.
Әзірге, саяжайшылар бау бақшамыздан мұнай шықты деп әзілдесіп қояды. Дегенмен қорқыныш та бар. Тек бақшасы үшін ғана емес, денсаулықтары үшін де алаңдап жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!