{metadescription}
Елімізде жанармай тапшылығы туындауы мүмкін
Елімізде жанармай тапшылығы туындауы мүмкін

Елімізде жанармай тапшылығы туындауы мүмкін

Елімізде енді жанармай тапшылығы туындауы мүмкін. Өйткені Атырау мұнай және газ өңдеу зауытында бір аптаға ғана жететін сұйық отын қалған. Бұл кәсіпорын кешелі бері жұмысын тоқтатты. «KEGOC» акционерлік қоғамы өндіріс ошағын аяқ астынан электр энергиясынан ажыратып, салдарынан мұнай-газ өңдеу зауытындағы алып қондырғылар тоқтап тұр. Артынша, зауыт мұржаларынан ауаға қара түтін тараған. Бұл апаттан қала тұрғындары да үрейленіп отыр.

Кеше кешкілік Атырау мұнай және газ өңдеу зауытының мұржаларынан қызыл жалын лаулап, ауаға қара түтін тарады. Мұны көрген атыраулықтар қаланың экологиясы бұзылды деп үрейленіп отыр. Себебі алып зауыт «KEGOC» АҚ-ы тарапынан берілетін электр энергиясынан ажырап, жұмысы толықтай тоқтап қалған. Қазір тек жергілікті «Атырау – Жарық» серіктестігі арқылы электр желісімен қуаттандырылатын екі қондырғы ғана жұмыс жасап тұр. Апатты жағдайға байланысты баспасөз мәслихатын өткізген зауыт басшылары  өндірістің қашан іске қосылатыны белгісіз дейді. Егер тез арада кәсіпорын жұмыс істемесе елде жанармай тапшылығы сезілуі мүмкін. Өйткені зауытта небәрі бір аптаға жететін сұйық отын қоры сақталған.

Мұрат Досмұратов, Атырау Мұнай және газ өңдеу зауытының бас директоры:

Зауыт толықтай тоқтап қалды. Мұндай апаттық жағдайда жұмыс тоқтағанда техникалық талап бойынша жүйе газдан босатылуы керек. Қондырғылар жарылмау үшін  бойындағы барлық көмірқышқыл газы ауаға таралмау үшін жанып кетеді. Бұл апаттың алдын алу үшін жасалады.

Қазір зауытта 26 мың тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, 4 мың тонна керосин бар. Ал, «KEGOC» АҚ-ы электр энергиясының аяқ астынан ажыратылуына күн райының қолайсыздығы себеп болды деп отыр. Жауыш-шашын мен қатты желден электр стансаларының қуаты төмендеп кеткен. Ал, жергілікті халық мұндай апат денсаулыққа зиян деп дабыл қағуда. Улы газ ауаға таралса, тұрғындардың тыныс алу жүйесі бұзылуы мүмкін.

Салтанат Рақымова, экоомбудсмен:

Қандай қауіп дегенде енді бір түнде оянбай қалуы мүмкін дегендеріне менде анализ жасап жатырмын. Әрине енді факел құрылғылар желісі толықтай сол үшін жұмыс жасап отыр. Кез келген уақытта тоқтап қалған жағдайда факел арқылы газдар іштен қысым болмай, жарылу немесе өрт шығу болмау үшін факел сол үшін жұмыс жасайды.

Ал экологтар  бұл оқыс оқиға дейді. Сондықтан қоршаған орта мен жергілікті халықтың денсаулығына келген зиян бойынша тексеріс ашуға негіз жоқ деп қол қусырып отыр.

Сырым Тілегенов, Атырау облысы Экология департаменті басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда тексеріс ащуға  негіз болатындай мәлімет әлі келіп түскен жоқ. Тексеріс ашуға негіз болғаннан кейін заңнамаға сәйкес, кәсіпкерлік кодекске сәйкес тексеріс ашылады.

Зауыт басшылары «өндіріске келген  шығын есептеледі» дегенмен оны кім, қалай өтейтіндігі туралы ашып айта алмады. Кәсіпорынға қазір «KEGOC» тарапынан  электр энергиясы берілген. Алайда зауыттағы қондырғылар әлі толық іске қосылмапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде