{metadescription}
Маңғыстауда жол апатынан үш адам көз жұмды
Маңғыстауда жол апатынан үш адам көз жұмды

Маңғыстауда жол апатынан үш адам көз жұмды

Маңғыстау облысында екі көлік соғылып, үш адам көз жұмды. Қайғылы жағдай Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе ауылында болған.

Ақтау қаласына қарай бағыт алған жеңіл көлік жоғары жылдамдықпен жүйіткіген. Осы кезде жүргізуші рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бетіне шығып кетіпті. Салдарынан бетпе-бет келе жатқан Volkswagen Passat-қа соғылған. Бұл апаттан қос көліктің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қазір апаттың себеп-салдарын анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаннұр Таңатарова, Маңғыстау облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушілері, сондай-ақ бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде