Писсимистік болжамға жақын
Писсимистік болжамға жақын! Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус тамызда өршіп, күніне төрт мың адам ауыруы мүмкін деген. Вирусты кешелі бері 3175 адамның жұқтырғаны анықталып отыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
28.07.2022
Эпиджағдай әдеттегідей Елорда мен Алматы қаласында нашар. Нұр-Сұлтанда дертпен 915 адам тіркелсе, оңтүстік астанамызда вирус 767 тұрғынның сынамасынан табылған. Қарағанды облысында да індеттің құрығына түскендер саны 355-ке жетіп отыр. Бұдан бөлек, Шымкент қаласы мен Ақмола және Жетісу облыстарында күн сайынғы көрсеткіш жүзден жоғары. Осылайша ауырғандар саны артқанымен, көбісі амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Ауруханада 1400-ге жуық науқас жатыр. Оның 25-інің жағдайы ауыр. Ал "сары" аймақта әзірге Нұр-Сұлтан қаласы ғана.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!