Президент, Үкімет басшысы мен барлық министрлерге бетперде тағу міндеттелді
Бүгіннен бастап Президент пен Үкімет басшысына, барлық министрлерге жұмыс орнында бетперде тағу міндеттелді. Енді Ақорда, Үкімет пен министрліктер үйінде жиналыс, конференция, іс-шаралардың барлығы онлайн форматта өтуі тиіс. Тіпті жұмыс орнындағы лифтіге төрт адамнан көп мінуге тыйым салынды. Жаңа санитарлық норма қос палатаның депутаттары мен жоғары сотқа да қатысты.
Автор: Әзиза Төлеби
28.07.2022
Мемлекеттік қызметкерлер арасында ковид жұқтырушылар көбейіп бара жатқасын, орталық мемлекеттік органдарға жауап беретін бас санитар дәрігер жаңа қаулы шығаруға мәжбүр болыпты. Өйткені соңғы айдың өзінде 700-ге жуық қызметкер вирус жұқтырған. Сол жағалаудың мәртебелі ғимаратында жұмыс істейтін аяғы ауыр келіншектер қашықтықта жұмыс істеуге жіберіліпті. Вирус жұқтырған адам он күн, онымен байланыста болған қызметкер жеті күн карантинге жіберіледі. Аталған әкімшілік ғимарат қызметкерлеріне бетперде тағу қатаң тапсырылған. Шенеуніктер іссапарға немесе демалысқа шетелге барып келсе, ПТР тесттің теріс нәтижесін көрсетпей жұмысқа кірісе алмайды. Жалпыға бірдей ереже бойынша, сынамаынң ақшасын әркім өз қалтасынан төлейді.
Айгүл Темірғалиева, Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының бас санитар дәрігері:
- Біз вирус жұқтырушылардың көбеюіне байланысты санитарлық норманы қатаңдаттық. Мемлекеттік қызметкерлердің арасында 26 маусымнан бастап эпидахуал нашарлап кетті. Шілде айының өзінде 670 адам ковидпен ауырды. Бұл жағдай тұрақталғанша енгізілген уақытша ереже. Отырыс, кеңес, жиналыстардың барлығы бетпебет емес, онлайн форматта өткізілуі тиіс. Қазір орталық мемлекеттік органда 12 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Бұл шектеу шаралары осы адамдарға ғана қатысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!