{metadescription}
Ақтаулықтар түннен бері тізеден су кешіп жүр
Ақтаулықтар түннен бері тізеден су кешіп жүр

Ақтаулықтар түннен бері тізеден су кешіп жүр

Аптап ыстықта теңізге түсетін ақтаулықтар түннен бері тізеден су кешіп жүр. Себебі қалаға нөсер жауын төгіп, көшелер көлкіген суға толды. Арық-тоғандарға сыймаған қызыл судан жаяулар түгілі көліктер де қозғала алмай жатыр. Ал жылына бір жауатын жауынға дайын болмай шыққан коммуналшылар түннен бері 30 мың текше метр жаңбыр суын сорғызған.

Ақтауда мұндай көріністі күнде көрмейсіз. Табиғаттың тосын мінезі ерекше болып тұр. Бұл шелектеп құйған жаңбырдың салдары. Бұрын мұндай уақытта теңізге шомылатын тұрғындар қазір көшеде жаңбырдың көлкіген суын кешіп жүр. Мынадай арнайы етік кимесіңіз аяқ алып жүру мүмкін емес.

Бүгін таңның атысымен ақтаулықтар жаңбырмен жағаласты. Жұмысына асыққан халық көлкіген көшеде жол өткелдерінен өте алмай, әбден әбігерге түсті. Тіпті жаяуларды қойып, жеңіл көліктердің өзі тұралап қалды.

Мынау міне 18 «А» мкр мен 17 мкр ортасы. Машиналар деген теңізге жүзгендей деген жүзіп жатыр қайық болып. Су кететін жерді таба алмай жатыр. Түнімен жаңбыр жауды. Мынау тротуардың бәрінажуып кеткен су...

Шелектеп жауған жаңбырдан кейбір үйлердің төбесі, әлеуметтік маңызы бар ғимараттар мен базарлардың шатырынан су кеткен.

- Базар міне көлдеп жатыр. Емое. Мынаның бәрі су, ужас. Страшно көлдеп жатыр. судың бәрі не істеп жатыр. Қалай өтеміз? Аяқ киімді шешесіз...

Тұрғындар бұрын-соңды мұндай нөсер көрмегенін айтады. Коммуналдық қызметтер де табиғаттың тосын мінезіне дайын еместіктерін көрсетті. Қазір қалада су сору жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бүгіннің өзінде 30 мың текше метр су жиналған. 

Алпысбай Таубаев, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

Су алу жұмыстарына 132 адам жұмылдырылды. «Қала жолдарынан» 105 адам, 6 мотопомпо, 1 бойлер сонымен қатар, 1 погрузчик, 1 самосвал жұмылдырылды. ТЖД 32 қызметкер, 5 арнайы техника, 8 мотопомпа жұмылдырылды. Қазіргі уақытта дейін 29 432 метр 3 су алған болатынбыз. Негізі су ағарлармен де жұмыстар жүргіздік.

Жауаптылар көшелерді жаңбыр суынан толық құрғатуға уәде беріп отыр. Айта кетейік, көктемде Маңғыстау халқы былтырғыдай қуаңшылық болмасын деп тасаттық берген еді. Жергілікті халық табиғаттың тосын мінез танытуына діни жоралғының септігі тиді деп санайды. Себебі, өңірде осымен екінші рет нөсерлі жауын құйды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде