{metadescription}
Самат Әбіш куәгер ретінде тергеуге шақырылды
Самат Әбіш куәгер ретінде тергеуге шақырылды

Самат Әбіш куәгер ретінде тергеуге шақырылды

«Мемлекетке опасыздық жасады» деп айыпталып жатқан Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша оның орынбарасы болған Самат Әбіш тергеуге шақырылды. Күдікті емес, куәгер ретінде. Экс-шенді бұрынғы бастығы, сондай-ақ, Садықұлов, Ерғожин, Осипов және басқа да әріптестеріне қатысты тергеу сұрақтарына жауап берген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбішке қатысты ешқандайда іс қозғалмағанын хабарлады.

Самат Әбіш 2000-шы жылдан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің түрлі қызметінде болған. 2015 жылдан бастап төрағаның бірінші орынбасарлығын атқарған ол, биыл 17-ші ақпанда лауазымынан босатылған-ды. Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде басшы болған Кәрім Мәсімов пен оның бірнеше орынбасары - Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осипов қамалған болатын. Жақында ғана Мәсімов бастаған күдіктілердің тергеу изоляторында ұстау мерзімдері ұзартылды. Экс-шенділер қылмыстық істің бес бабы бойынша «өте құпия» белгісімен тергеліп жатыр. Атап айтқанда, оларға «мемлекетке опасыздық жасады», «билікті күшпен басып алуға және қызметін асыра пайдалануға әрекет жасаған», «пара алды», «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастырды» деген ауыр айыптар тағылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде