Коронавирус жұқтырғандар саны соңғы күндері үш мыңнан түспей тұр
Коронавирус жұқтырғандар саны соңғы күндері үш мыңнан түспей тұр. Бүгін де 3095 адамнан осы вирус анықталды. Эпидахуал әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында нашар. Індеттің таралуы бойынша әзірге тек елорда ғана «сары» аймақта.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
29.07.2022
Ковидке шалдыққандар көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Мұнды кешелі бері 918 адамнан вирус анықталған. Ал Алматыда ауруға шалдыққандар 694 адаммен толықты. Өңірлерден Қарағанды, Ақмола мен Жетісу облыстарында күн сайын жүзден астам адам дерт жұқтыруда. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын енгізуге әлі ерте екенін жеткізді. Қазір тек вакцинациялау қарқынын күшейту жоспарланған. Ел бойынша 23 мыңға таяу адам індеттен емделіп жатыр. Мың жарым науқас ауруханада. Оның 25-нің жағдайы ауыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!