{metadescription}
«Air Astana» 3 миллион теңге айыппұл арқалады
«Air Astana» 3 миллион теңге айыппұл арқалады

«Air Astana» 3 миллион теңге айыппұл арқалады

«Air Astana» 3 миллион теңге айыппұл арқалады. Бұл жолы әуе тасымалдаушысы өзінің еншілес компаниясы - «Fly Arystan» үшін айыпты болып отыр. Яғни, Алматы-Шымкент бағытындағы рейс 15 сағатқа кешіккен. Ал жолаушыларын қонақүйге орналастырмай, әуежайда күттіріп қойған. Осы әрекетсіздігі үшін енді мың айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды. Ол бір ай ішінде төленуі тиіс.

Бұл әуе компаниясына салынып отырған осы айдағы үшінші айыппұл. Өз жолаушыларына қолайлы жағдай жасамағаны үшін Азаматтық авиация комитеті айыппұлдың ең жоғары шектік нормасын тағайындапты. Оның жалпы көлемі 9 миллион теңгеден асады. Естеріңізге салайық, жаз маусымы басталғалы ел ішіндегі рейстерге шағым көбейіп кеткен еді. Себебі ұшақтың бәрі кешігіп, әуежайда шу көп болған. Ұшақтардың бір сағаттан бір тәулікке дейін кешігу салдары әлі белгісіз. Оны кей әуе компаниялары күн райынан, әуежайдағы жөндеу жұмыстарынан көреді. Ереже бойынша, рейстердің кешігуі әуе компаниясының кінәсінен болса, тиісті қызметтер ұсынылуы тиіс. Мысалы, екі сағаттан кейін сусындар, төрт сағат ішінде ыстық тамақ беріліп, алты-сегіз сағат ішінде жолаушылар қонақүйге орналасуы қажет. Әр шағымды жеке-жеке қарастырып, жауапсыз қалдырмаймыз дейді Азаматтық авиация комитеті.

Әділет Көбенов, Азаматтық авиация комитеті Авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы:

- Әр факті бойынша бөлек тиістиі шара қабылданып жатыр. Биыл шілде айында жұмыс шеңберінде қазіргі уақытта үш хаттама жасалды. Үш рет авиакомпания жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта жұмыс жалғастырылып жатыр. 32 рейстің кешігуі авиакомпанияның кінәсінан болса, аваиакомпания тиісті шаралар қабылдауы керек. Соңғы уақытта иә шағымдар көбейіп жатыр. Рейстердің кешігуіне байланысты, құқық бұзушылығына байланысты. Әр шағым азаматтық аваиация комитетімен қарастырылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.