Қарағандыдағы турфирма иесінің былығы әшкере болды
Қарағандыда турфирма иесі тұрғындардан алған 11 миллион теңгені өз керегіне жаратып жіберген. Салдарынан 12 адам жолдама түгілі, қаражаттарына қол жеткізе алмай жүр. Себебі күдікті елді алдағанын мойындап, полицияға өзі келіпті. Сондықтан ол жеңіл жазамен құтылып кетуі мүмкін.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
29.07.2022
Андрей Маценко, жәбірленуші:
- Оның жасазын жеңілдететін жайт көп. Өзі келіп кінәсін мойныдағаны бар. Оның үстіне 1 жасқа толмаған баласы да бар. Жалғызбасты ана. Осылар ескерілсе шартты жазамен құтылатынын біліп отыр.
Жылы жақта, теңіз суына шомылып әбден демалам дегендер енді күдіктінің үйін күзетіп жүр. 28 жастағы күдіктінің құйтырқылығын түсінгендер қолдарымен санап берген қаражатты қайтарсақ деген үміттері бар. Бірақ турфирма қожайынының мұндай айласы алданғандардың амалын тауысты. Ол 12 адамның әрқайсысынан 500 ден 1 жарым миллион теңгеге дейін ақша алып, жақсы демалыс орындарына жолдама беруді уәде еткен. Тұрғындардың айтуынша бұған дейін одан жолдама алып, демалысқа барып келіп жүргендер көп болған. Бұл жолы оны не түлен түрткенін туристер түгілі, оның жақындары да түсіндіріп бере алмай отыр.
Асылбек Сержанов, Қарағанды қалалық ПБ орталық полиция бөлімі бастығының орынбасары:
- Келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асады. Күдікті ол ақшаны отбасы керегіне жаратып қойдым деп отыр. Қаржылық қиындықтар болғанын айтты. Сол үшін елді алдау арқылы ақша жинағанын мойындайды. Бірақ нақты қайда жұмсағанын айтудан бас тартты. Дегенмен ол кінәсін мойныдап өзі келгені жазасын жеңілдетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!