Қазақстандық шахматшылар дүниежүзілік додаға тусыз шыққан
Қазақстандық шахматшылар мемлекеттік ту мен әнұраннан бас тартты ма? Үндістанда шахматтан өтіп жатқан дүниежүзілік додада біздің спортшылар байрақсыз шыққан. Әнұран да орындалған жоқ.
Автор: Әзиза Төленби
29.07.2022
Ашылу салтанатындағы мына видео желі қолданушыларының арасында қызу талқыланып жатыр. Онда гроссмейстер Жансая Әбдімәлік пен Арыстанбек Оразаев құр өздері шыққан. Әдеттегідей қолдарында Қазақстан жалауы жоқ. Әнұран да қойылмады. Бұны әлеуметтік желі қолданушылары соңғы кездері шахматшылар мен федерация арасындағы болған түсінбеушіліктен көріп отыр. Алайда, Шахмат федерациясы мұны жоққа шығарды. Айтуларынша, шараны ұйымдастырушылар салтанатты ашылудың болатындығын алдын-ала ескертпеген. Сондықтан, оған дайындық да болмаған. Әйтпесе ел намысын қорғап барған 5 жігіт пен 5 қыздың жеңіске ұмтылысы мықты дейді федерациядағылар.
Айза Жүсіпова, Қазақстан Шахмат федерациясының ресми өкілі:
- Соңғы жылдары олимпиаданың ашылуы кезінде Мемлекеттік рәміздерді спортшылардың алып шығу шеруі ұйымдастырылып жатқан жоқ. Ал бұл жолы делегациялар мен қатысушы елдердің жартысынан көбі бұл туралы білмеді. Ешкімге ескертілген жоқ. Кейбір мемлекеттер мүлдем шықпады, өйткені олар дайын болмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!