{metadescription}
Алматы облысында 38 жастағы келіншек әлі табылмай жатыр
Алматы облысында 38 жастағы келіншек әлі табылмай жатыр

Алматы облысында 38 жастағы келіншек әлі табылмай жатыр

Алматы облысында екі ай бұрын үйінен шығып кеткен 38 жастағы келіншек әлі табылмай жатыр. Туыстары мен еріктілер оны жер-көктен іздегенімен, әзірге еш нәтиже жоқ. Талдықорған қаласының тұрғыны Шолпан Шайзанованың жақындары кімнен күдіктенерін де білмейді. 4 ай бұрын босанғаннан кейін келіншек күйзеліске түсіп жүргенін айтып шағымданған екен. Сөйтіп, сәбиін тастап, із-түзсіз жоғалған.

Шолпан Шайзанова үйінен 24 мамыр күні шығып кеткен. Содан бері міне 2 айдың жүзі болды хабар-ошар жоқ. Балабақшадан бастап бірге өсіп, шаңырақ көтерген жолдасы жұбайының ұшты күйлі ғайып болуына не түрткі болғанын түсіне алар емес. Өйткені бірер ай бұрын ғана үшіншісін дүниеге әкелген келіншегімен арада жанжал туындамапты. 

Болат Шайзанов, Ш.Шайзанованың күйеуі:

Үйде ортаңғы қызым мен кішкентай нәресте мен мама болған. Анам төртеуі болған. Жарты сағаттан кейін анам звондады 11-лерде осылай осылай кетіп қалды деп. Мен жұмыстан шыға салып, үлкен ұлымды алып үйге келдім. Үйге келсем, жоқ екен. Кішкентай нәресте жылап жатыр. Арласатын өзі көршіміз бар. Диана деген. Ол келген жоқ деді. Сол жерден полицияға звондап 102-ге. Ақпарат бердім де сол кезден бастап іздеуге кірістім.

Содан бері жақындары қаланың бұрыш-бұрышының барлығын шарлап шыққан. Бірақ еш нәтиже болмай отыр. Ал Шолпанның әпкесі наурыз айында босанған сіңлісін тағы да күйзеліске түсіп кетті ме деп қауіптенеді.

Ләйлә Қазынабаева, Ш. Шайзанованың әпкесі:

- Сіңілімде бірінші балада да, екінші балада да после родовой депрессия деген болады. Ылғи сол бір екіүш ай өзін бір көңілсіз ұстап, ештеңеге зауқы соқпай жүреді. Ақырындап сосын 2-3 айдан кейін қайта бұрыңғы қалпына келіп кетеді. Арасы жиі болып кетті ме, қазір қызы 3 жарым жаста гой. Қатты әсер етіп кетті ме. Суреттегі сіңілімді көрген-білгендер болса хабарласса екен. Есін білмей, памятын жоғалтып, жүрген шығар бір жерде деймін.

Бір ай бойы жер-көкті іздеген еріктілердің жұмысы қазір тоқтап тұр. Шолпанның туыстары полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру жұмыстарына да көңілдері толмайды. Өйткені үй айналасындағы көлшіктерге әліге дейін сүңгуірлер түсіп қарамапты.

Ернар Сайділдин, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

- Полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалған әйелді іздестіру шараларын жалғастыруда. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін волонтерлермен және азаматтармен бірлесіп, аулаларды аралау, қала және жақын орналасқан егістіктер мен елді-мекендерді аралау жүргізілді. Іздестіру су қоймалары мен өзен бойларына да тексерілді. Егер кімде кім іздеудегі азамат бойынша қандай да бір ақпарат білсе бұл туралы полицияға дереу хабарлауыңызды сұраймыз.

Шолпан Шайзанованың бүгінде 3 баласы бар. Тұңғышы 12 жаста. Ортаңғы қызының өзі ес біліп қалған. Небәрі 4 айлық сәбиі де анасын сағынып жылайды. Ал туыстары Шолпанның дін-аман үйіне оралатынынан үмітті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде