{metadescription}
Алматыда мопед пен самокат тізгіндегендермен күрес күшейді
Алматыда мопед пен самокат тізгіндегендермен күрес күшейді

Алматыда мопед пен самокат тізгіндегендермен күрес күшейді

Алматыда мопед пен самокат тізгіндегендер бір тәуліктің ішінде 40 тан астам жол ережесін бұзған. Қос дөңгелекті бұл көлік құралдарын ережені сақтамай тақымдағандарды полицейлер әкімшілік жауапкершілікке тартып жатыр. Өйткені, соңғы 6 айдың өзінде 77 жол апаты тіркеліп, 1 адам ажал құшқан. Соған қарамастан, ешқандай ережені елемей жолмен де, жолсыз да жүйткитіндер саны азаймай тұр.

Қалада қазір мопед пен самокаттың қолданыс аясы күннен күнге кеңеюде. Алайда, олардың басым бөлігі жол ережесін сақтамай, тыйым салынған жерлерде ойқастауы қояр емес. Соңғы 6 айдың ішінде қос дөңгелекті бұл көлік құралдарының кесірінен 77 жол апаты тіркеліп, 81 адам зардап шексе, біреуі ажал құшқан. Осындай олқылықтарды алдын-алу үшін полицейлер тексерісті де жиілетіп жатыр. 

- Жасың нешеде?

- 21

- Не үшін каска кимейсіз?

- Сынып қалды.

Мопед тізгіндегендер көбіне басына каска кимесе, самокат айдайтындар тротуарларда жылдамдықты азайтпай жүйткиді. Бүгін ұсталғандар түрлі сылтау айтып, айыппұлдан сытылып кеткісі келсе, кейбірі заңды білмеймін деп ашығын айтып отыр.

- Вы должны переходить пешеходный переход слезть с самоката и пешечком ходить

- Я не знал об этом.

- Незнание закона вас не освобождает от ответственности.

Жол ережесіне сай мопедті 16 жастан бастап айдауға рұқсат. Алайда, биыл балалардың қатысуымен 21 жазатайым оқиға тіркеліп, 23 бала зардап шеккен. Сондықтан, тәртіп сақшылар ережелерді сақтау, әр адамның өзінің қауіпсіздігі деп отыр.

Бақытжан Оңдасын, Патрульдік полиция полкінің инспекторы

- Жаяу жүргінші жолағынан өздеріңіз көріп отырсаңыздар бір топ адам өтеді. Соның арасынан самокат жүргізушілері қатты жылдамдықпен өтеді. Адамды қағып кету факттары болып жатыр. Сондықтан да, жол жүрі ережесінде 615-ші бап 1-ші бөлімі бойынша ол кісілер самокатты алып, өзімен бірге жаяу жүрі керек. Бірнеше мопед жүргізушілеріне айыппұл салынды 615 бап 1-ші бөлімімен. Яғни мопедті шлемсіз жүргізген. Ол не үшін? Өздерінің қауіпсіздігі үшін.

Еске салайық, бұл көлік түрлерін тақымдағандар әзірге тек белгілі бір жерлерде ғана емін-еркін жүре алады. Мәселен, қос дөңгелектің иесі велосипед пен автобусқа арналған жолақпен немесе жолдың оң жақ шетімен қозғалуға рұқсат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде