Қаныпезер әке өз баласының басын шауып тастаған
Түркістан облысында қаныпезер әке өз баласының басын шауып алған! Қанды қылмысқа барған Сайрам ауданының тұрғынына бүгін сот 15 жыл жаза кесті.
Автор: Бек Әбиев
29.07.2022
Дәурен Мадалиев, Түркістан облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
- Сотталушы 5 балашағаның әкесі қиын материалдық жағдайына байланысты, бала-шағасын асырай алмай өз өзіне қол жұмсап немесе бала-шағасының біреуін өлтіріп, қалған 4 бала-шағасымен жақсы өмір сүру мақсатта баланың біреуін өлтіруге ниеті болған.
Өз баласын өлтірген әке мұндай қатыгездікке отбасындағы материалдық жағдайдың нашар болғаны үшін барыпты. Ол 5 баланың біреуінен құтылсам қалғанымен бақытты өмір сүрем деп ойлаған. Сондықтан наурыз айында кенже ұлымен тоғайға барған. Қалың ағаш ортасына кірген соң әуелі 5 жасар ұлының басынан ұрып талдырған да, артынша бірнеше мәрте мойнынан шапқан. Ауыр жарақаттан балақай сол жерде жантапсырыпты. Сорақысы сол, 47 жастағы жауыз әке арам пиғылын үйіндегілерге бұрын да айтып жүрген екен. Бірақ, ешкім елемепті. Сотта әйелі асыраушысыз қалатынын айтып, кешірім де сұраған. Бірақ, судья ақыл-есі дұрыс бола тұра қасақана ұлының басын шапқан жауызды 15 жылға соттады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!