Тапаншалар мен оқ дәрілерді мұқият тыққан
Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруы үшін жаза арқалады. Жамбыл облыстық полиция департаментінен ұрланған тапаншалар мен оқ-дәрілерді ол жақсылап тыққан екен. Бірақ оны тергеушілерге көрсетуге тура келді. Сол үшін де жазасы барынша жеңілдетіліп, екі жыл шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Автор: Әзиза Төленби
01.08.2022
Нұрлыбек Сәбитов, ҚР Бас прокуратурасы арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары:
- Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 92 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алды. Қалған қылмыстық істер бойынша тергеу органы даусыз дәлелдерді жинау және барлық қатысы бар адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жанжақты жұмыс жүргізілуде.
Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қарудың бәрі оңай жолмен қайтып жатқан жоқ.Тәртіп сақшылары әлі екі мыңдай қаруды түгендей алмай жүр. Бүгінге дейін тек мыңнан аса қару табылған. Ондада көбінің тіркеу нөмірі қасақана өшірілген. Қазір оның қылмысқа қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Ұрланған атыс құралдары көбіне мұқият жасырылған. Мысалы, Тараздағы жер асты қоймасынан Калашников автоматы, екі оқсауыт, отыздан аса оқ-дәрі тәркіленген.
Мұхтар Қожаев, ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары:
- Қайғылы оқиғада көптеген азамат зардап шекті. Оның бірқатары жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырушылар мен арандатушылардың ықпалына еріп қылмыс жасауға барған. Нәтижесінде мемлекеттік органдардың 71 ғимараты, 700-ден астам автокөлік жойылып зақымдалған. Оның ішінде жедел жәрдем, полиция және өртке қарсы қызметтердің көліктері де бар. 1,5 мыңнан астам бизнес нысандары зардап шекті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!