{metadescription}
Топан судан Степногордың астаң-кестеңі шыққан  
Топан судан Степногордың астаң-кестеңі шыққан  

Топан судан Степногордың астаң-кестеңі шыққан  

Ақмола облысында қатты нөсерден зардап шеккен екі қаланың тұрғындары әлі де қалыпты өмірге орала алмай жатыр. Алты сағат бойы тоқтаусыз төпелеп жауған жауыннан Степногор көшелері мен базарларын  топан су басып, қаланың астан-кестеңі шыққан.

Ал Көкшетауда тұрғын үйлерге белуардан су кірді. Түн ішінде қызыл су басқан баспанасын тастай қашқан тұрғындар әлі де үйіне түней алмай жүр. Тұрмыстық техника түгел істен шығып, жиһаздар бүлінген. Бір айлық ылғал бір-ақ түскен қалалардың қазіргі жайы қандай?

Нөсер жауын өткелі үшінші күн. Су кірген үйдің тұрғындары әлі де баспанасына түней алмай жүр. Дүние-мүлкі  суда тұрған кейбірі тіпті шатырда тұрып жатыр. Олар айнала дымқыл болған соң, электр жарығын қосуға да қорқып отыр.

Көкшетауда нөсерлетіп жауын басталғанда ел ұйқыға енді жатқан шақ екен. Жер үйдің тұрғындары әп-сәтте су көтеріліп үйге лап қойғанда, далаға атып-атып шыққан. Шамасы келгенше дүние- мүлкін құтқарғысы келгендер де арпалысып бағыпты. Бірақ төпелеп жауған жаңбыр бой бермей, төтенше жағдай қызметіне жүгінген. Олар екі тәулікте 17 000 текше метр  суды сорғызған. Бірақ малмандай су болған жиһаз, дымқыл басқан дүние-мүлік жарамсыз болып қалды.

Татьяна Соловьева, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Не істерімізді білмей отырмыз. Жан-жағымыздан жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр. Бірақ су ағызатын арық жоқ. Осымен төртінші рет үйімізді топан су басты. Әкімге де айттым. Үйдің тақтайын ауыстырып, тұрмыстық техниканы жаңартып едік. Бәрі суға кетті.

Жер үйлердің қабырғасы жарылып, сыз тартқан. Тұрмыстық техника түгел істен шығыпты.Тақтай еденнің астында су әлі де тұр. Сондықтан пеш те жаға алмаймыз.Әлі бір жан келіп жағдайымызды сұраған жоқ дейді көкшетаулықтар.

Степногор тұрғындары қатты жауған жауын суы арықтар бітеліп қалғандықтан елді әбігерге салды деп отыр. Онда көшеде жаяу түгілі, көліктер тұралап, азық-түлік базарын су басып қалған. Бірақ шенділер арықтарға қоқыс ағын сумен келгенін айтады. Қазір арнайы комиссия құрылып шығынды есептеуге кіріскен.

Бауыржан Ерназаров, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары:

Мәслихатпен бекітілген 159 мың теңге мөлшерінде көмек беріледі. Былайша айтқанда, комиссия анықтап, акті жазып. қандай мүлікке зиян келгенін жазып шығады. Сосын тиісті комиссия соны қарап, шешім қабылдайды.

Нөсер болған түні құтқару қызметіне 500-ден аса адам қоңырау шалып көмек сұраған. Көкшетаудағы 50 жер үйге белшесінен су кіріп кеткені белгілі болды. Қазір баспанасына түней алмай жүрген тұрғындар құзырлы орындардан көмек күтіп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде