Шілдеде азық-түлік пен тауарлар қаншаға қымбаттады
Қазақстандағы қант түрлі жанжалға себеп болып қана қоймай, шілде айында қымбатшылығымен барлық азық-түліктің алдын ораған. Бүгін Ұлттық статистика бюросы баға бойынша кезекті мәліметтерді жариялады. Тәтті өнім бір жылда 90 пайызға қымбаттаған.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
01.08.2022
Шекердің орнатқан рекордын пияз да қуып жетуге сәл-ақ қалған. Жылдық өсім 80 пайызға жуықтайды. Құны аспандап тұрған азық-түліктің бестігінде ұн да бар – 40 пайызға өскен. Ал макарон өнімдері мен түрлі жармалардың бағасы 30 пайызға қымбаттаған.
Азық-түлік емес тауарлар да қалыспай келеді. Ыдыс-аяқ жуатын сұйықтықтар, тұрмыстық құрылғылар, құрылыс материалдары және жиһаздың нарықтағы бағасы 20 пайызға артқан. Осылайша шілде айындағы жылдық инфляция 15 пайызды құрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!