Алматы облысында бір түнде үш көлікті ұрлап кетті
Есерсоқты қуған полиция! Алматы облысында 28 жастағы жігіт бір түнде үш көлікті ұрлап кетті. Жедел жәрдем көлігін ырықсыз тақымдап, жүйткіп бара жатқан сәті куәгерлердің телефонына түсіп қалған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
01.08.2022
Полиция департаменті жағдайдың жай-жапсарын түсіндірді. Кеше түнгі сағат он шамасында Құлжа тас жолында БМВ маркалы тұлпарды әлдебіреу мініп кеткені жөнінде хабарлама түскен. Күдікті жолай көлікке соғылып, оқиға орнынан демде табанын жалтыратқан. Онымен қоймай, Ниссан машинасын тізгіндеген бойжеткеннен көлігін тартып алып, тағы да жол апатына ұшырайды. Оған да көңілі көншімей, сол жерге жеткен жедел жәрдем көлігін тартып алып қашып кетпек болған. 1994 жылғы азамат ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- Үш қылмыстық іс тіркеліп тергеуге алынды. Дәйек зат ретінде айдалып кеткен көліктер тіркелді. Олар иесіне қайтарылады. Тиісті сараптамалар өткізілуі тиіс. Күдікті қамауда. Қылмыстық кодекстің 200-бабымен саралануда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!