Роуп-джампинг инструкторына сот үкімі шықты – Қарағанды
Қарағандыда салғырттығынан адам қаза тапқан роуп-джампинг инструкторы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Александр Музникас марқұмның жақындарына 6 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
01.08.2022
Манат Жұмақаева, судья:
- Александр Музникасты ҚР ҚК 306-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ол қамауға алынғаннан осы үкім күшіне енгенше тергеу абақтысында отырған бір күні бір жарым күнге теңеліп, есептелсін.
Сот процесі кезінде Музникас өзіне тағылған айыппен келіспей келді. Адвокатының айтуынша, ол роуп-джампинг фирмасында ресми жұмыс істемеген. Сондықтан тағылған айыпты абайсызда кісі өлтіру бабына өзгертуді талап еттті. Алайда судья мұнымен келіспеді. Сондықтан сотталушы жағы апелляциялық шағым дайындамақ.
Ал Ресейге қашып кеткен фирма директоры ұсталса, оның ісі жеке қаралады.
Өткен жылдың 10-қазанында 33 жастағы Евгения Леонтьева 30 метрлік ғимараттан роуп-джампинг ережесімен секірген. Бірақ оны ұстайтын қауіпсіздік арқанының бір басы бекітілмеген болып шықты. Ал инструктор соны тексеріп алмай, марқұмға секіруге белгі береді. Биіктен оңбай құлаған ол жансақтау бөліміне жетпей демі үзілген. Оның артында жары мен кәмелетке толмаған 3 баласы қалды.
Александр Ткаченко, марқұмның күйеуі:
- Оның салғырттығы, қауіпсіздік арқанын тексермеуінен осы жайдың болғаны 100 пайыз дәделденді. Ол оны өлімге итере салды. Евгения соңғы қадамын жасады. Видеода бәрі анық көрінеді. Төрт жылды аз деп санаймын, бірақ оған ауыр жаза талап етуге де құлқым жоқ. Болар іс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!